Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәуір айында ауа райы қандай болады

Сәуір айында ауа райы қандай болады

Сәуір айында ауа райы жылы және жауын-шашынды болады күтіледі. Осы айдың ішінде барикалық құрылымдардың жиі ауысуымен және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, екпінді жел және температураның ауытқуы күтіледі. Бірінші онкүндіктің басында температураның негізгі фоны: ҚР солтүстік жартысында түнде -5+5°C, күндіз +7+18°С құрайды; оңтүстік жартысында түнде +5+13°C, күндіз +15+23°С, қиыр оңтүстікте +28°С. Онкүндіктің ортасында Ресейдің еуропалық аумақтарынан антициклонның келуіне байланысты ауа температурасының солтүстік жартысында түнде – -3-8°С-қа дейін, күндіз – +2+10°C-қа дейін, оңтүстік жартысында антициклонның ықпалы және ауа температурасының төмендеуі онкүндіктің соңында болжануда, түнде термометрлердің сынап бағаналары – +3+8°C-қа дейін, күндіз – +10+15°С-қа дейін, шеткі оңтүстігінде 22°С-қа дейін төмендейді. Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында екі суыту толқыны күтіледі және ауа температурасы төмендейді: солтүстік жартысында түнде – -3 +7°С-қа, күндіз +2+13°С-қа дейін; оңтүстік жартысында түнде – 0, +10°С-қа, күндіз + 12 +22°С-қа дейін. Екінші және үшінші онкүндікте жылы ауа массасын шығару арқылы күндізгі уақытта солтүстік өңірлерде +17+22°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +25+30°С-қа дейін температуралық аяның жоғарылауы байқалатын болады. Ескерту: сәуір айына арналған консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады.
https://24.kz

01 сәуір 2020 ж. 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031