Өскен өңір » Қоғам » 13 градус жылы: Алдағы күндері елімізде күн жылынады
13 градус жылы: Алдағы күндері елімізде күн жылынады
Синоптиктер 13-15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Қазақстанда күн жылынады, алайда тұман және көктайғақ сақталады деп күтілуде.Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. Елімізге Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінен атмсофералық фронттармен қатар циклон жылжиды. Циклонның батыстан шығысқа жылжуының салдарынан қар, оңтүстік өңірде жаңбыр, жылбысқы қар жауады. Сонымен қатар тұман тұтып, көктайғақ болады және ауа температурасы көтеріледі деп болжануда. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +3-13 градусқа дейін, солтүстік және шығыс облыстарда -3-13 градусқа дейін көтеріледі. Айта кетсек, бұл климаттық нормадан 2-4 градусқа жоғары. Сонымен қатар Түркістан облысының кей жерлерінде 12 желтоқсанда күндіз, 13 желтоқсанда тәулік бойы тұман сақталады. Шымкент қаласында 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.