Қара шаңырақ – қазақтың алтын діңгегі
Рухани құндылықты адам жанының алтын арқауы деп білетін қазақ халқында киелі саналатын ұғымдар жетерлік. Қазақ елі әлімсақтан әр нәрсеге жіті мән беріп, келер ұрпақтың жадына қасиетті құндылықтарды сіңіре білген. Солардың бірі – қара шаңырақтың киесі. Қара шаңырақ дегенде әр адамның ойына ағайын ынтымағы, баба салты, әулеттің ауызбіршілігі мен отбасы ұйытқысы оралады.
Себебі көңілге қуаныш сыйлайтын осындай бейненің барлығы қара шаңырақта көрініс табады. «Көп түрік енші алысып тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па» деп жыр жасыны Мағжан Жұмабаев айтқандай қара шаңырақ ұғымы қазақ елінде ғана ықылым заманнан бері сақталса керек. Расында, бүгінде әр отбасының қара шаңырағы болады. Ол киелі, қастерлі үй. Оның киелі шаңырақ екенін білген адам иіліп кіріп, көстендемей именіп отыратын болған. Ал, әйелдер қауымы міндетті түрде сәлем салып, артық ауыз сөз айтпай, ойын-күлкісін ысырып тастаған. Сондай-ақ, сол отбасыдан өніп-өскен адам сапарға шығатын кезде яки, қиналған тұста, тығырыққа тірелгенде қара шаңыраққа келіп, тәу етіп, құран бағыштауды парыз санаған. Әрине, осы орайда көкейімізде «Қара шаңырақты неге сонша дәріптейді?» деген сауал туындауы мүмкін. «Әр нәрсенің хайыры бар» демекші, үлкен үйдің іргесін сөкпей, шаңырағын құлатпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу де тегін емес. Мұның астарында ең алдымен бір атадан тараған ағайынның ынтымағын сақтап қалу жатса, екіншіден, ауыл бірлігін, ел бірлігін бекіту мақсаты да бар. Осылайша ата-бабамыз қара шаңырақ арқылы ұлт ұйытқысын бұзбай, іркіттей ірітпей, қалыбын бұзбай сақтап келеді. Сондай-ақ, қара шаңырақтың қоздап жататын отын сөндірмей, сөлін құртып, күлін шашып, құрдымға жібермей, дәстүрді толқын-толқын ұрпақ көкейіне сіңіріп келеді.

«Ұл – қоныс, қыз – өріс» дегендей қара шаңырақтың иесі ұл екені баршамызға мәлім. Бұл орайда үлкен үйдің иесі ананың ақ сүтін сарқып емген кенже ұл екенін естен шығармау керек. Сол себепті қазақ халқы кенже ұлға ерекше мән берген. Атадан жалғасын тапқан әкенің қара шаңырағына бас-көз болып қалған ұл мен келінге өзгелердің көзқарасы мен ілтипаты да ерекше болған. Үйдегі дүние мен мал-мүлік те кенже баланың еншісіне өткен. Ал, атаулы күндері, той-думан болатын кезде әулеттің мүшелері міндетті түрде қара шаңыраққа жиналған. Осылайша ағайын-туыстың басы қосылғанда барлығы арқа-жарқа болып, өткенді еске алып, дүниеден өткен ата-баба рухына құран бағыштаған. Міне, қара шаңырақ туралы сыр шерткенде осындай құндылықтар ойға оралады. Бір сөзбен айтқанда, қара шаңырақ – қазақтың алтын діңгегі. Алайда, сол қара шаңырақтың бүгінгі жай-күйі біз сипаттап отырғандай ма? Қазір заманға қарай үйдің формасы ғана емес, ондағы тыныс-тіршілік те басқа арнаға ауды. Керек десеңіз қара шаңырақ ұғымын ұмытқан қазақтар да бар. Әсіресе қара шаңыраққа қарауыл болып отырғандар қалада көк сүттей сұйылып бара жатыр. Мұндайда өркениетті елдерді мысал етіп, заман ағымын көлденең тартып көлгірситіндер табылады. Әрине, қазіргі таңда заман ғарыштың жылдамдығымен дамуда. Оны өзіміз де көріп, біліп жүрміз. Дегенмен ұлт ісі – ұлы іс. Кейбіреулер майда-шүйде деп мән бермейтін нәрсе түптің түбінде қазақи құндылықтың тамырына балта шабуы мүмкін. Сол себепті қаламға жабысып, қағазға үңіліп ұлтты сақтайтын ұлттық құндылық, ұлттық өнеге жолында ой қозғағанымыз жөн.
Бұрын ата-әжелерімізден қара шаңырақтың киесі болады, оны сатуға, құлатуға болмайды дегенді жиі естуші едік. Қазір байқап қарасаңыз қара шаңырақтың аузында үлкен қара құлып тұрады. Оған еге болып қалатын ұл мен келінді де таба алмайсыз. Тіпті, кенже ұл мен келіннің қолында тұратын ата-ана да кеміп барады. Ең сорақысы кейбір үйлер бір-біріне бөтен секілді ала көздесіп күн кешіп отыр. Қара шаңырақтың киесін білмей, қасиетін кетірген соң ба бүгінде үлкен үйді былай қойып, жас шаңырақтардың ойраны шығып, ажырасу жағынан алдымызға жан салмаймыз. Егер шаңырақта ата-әже болып, жастарға «әй» деп тыйып отырса, мұның бірінде орын алмас па еді? «Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші ұлымыздың ұлықты, қызымыздың қылықты болып шығуы о баста шаңырақта берілген тәрбиеге тікелей байланысты. Сол себепті бесіктегі балаға әу бастан қара шаңырақтың киесі туралы түсіндіргеніміз жөн. Сонда ғана қара шаңырақ шайқалмай сақталады. Киесі шаңырағына қайта қонып, қасиеті артып, қадірі ұрпақтың ой-санасында бекіп, қарттар үйіне қазақтың ақ сақалды атасы мен ақ жаулықты анасы түрлі сылтаулармен тоғытылмайды, сүйрелеп апарып өткізе салу тыйылады. Ар алға озып, қара шаңырақтың уығы сиремейтін болады. Ал қара шаңырақ сақталса, қазақтың көне тарихы, рухани байлығы да сақталады.
Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА