Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ​Қазақстанда картоп пен сәбіз бағасы арзандады – министрлік

​Қазақстанда картоп пен сәбіз бағасы арзандады – министрлік

Соңғы екі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,5 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Хабар 24.  «Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,9 пайызға өсті. Ішкі нарықта отандық өнімдердің көбеюі есебінен соңғы екі аптада бағалар 0,5 пайызға төмендеді. Атап айтқанда, ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп бағасы 34 пайызға немесе 71 теңгеге, ал сәбіз 41 пайызға немесе 122 теңгеге төмендеді. Сонымен қатар, соңғы апталарда қырыққабат 0,4 пайызға, пияз 0,1 пайызға арзандады», - деді Е.Қазанбаев. Оның айтуынша, бағаның ең жоғары өсімі 11,6% Түркістан облысында, 11,3% – Қызылорда облысында және 11,3% – Қостанай облысында тіркелді. Ең төмен өсім 9,5% – Алматы қаласында, 9,6% – Алматы облысында және 9,7% – Қарағанды облысында белгіленді. 

https://24.kz

08 қыркүйек 2021 ж. 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930