Алматыда "Нұрлы жер" бойынша берілетін 100 пәтерге өтінім қабылдау басталды
Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы тұрғын үй қоры кезегінде тұрғандардан құжат қабылдауды бастады, - деп хабарлайды "Вечерний Алматы". Алматыдағы Бесағаш ауылы мен Думан ықшамауданынан кейінгі сатып алу құқығымен пәтерлер жалға беріледі. Оны алу үшін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар 28-30 наурыз аралығында Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасына "Электрондық үкімет" веб-порталы (www.e-gov.kz) арқылы өтініш қалдыруы тиіс. Құжаттарды веб-портал арқылы өткізу үшін ХҚКО-дан электрондық қолтаңба алу қажет. Айта кетсек, бұл пәтерлер "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы арқылы "ҚИК" ИҰ" АҚ" бағыты бойынша жүзеге асырылып отыр. Басылым хабарына қарағанда, "ҚИК" ИҰ" АҚ Алматы облысындағы Бесағаш ауылынан 47 бір бөлмелі пәтерді, ал Думан ықшамауданынан 53 баспананы (Оның 26-сы бір бөлмелі де, 27-сі екі бөлмелі екен) жалға беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, баспана бағасы бір шаршы метріне шамамен 1120 теңге болатыны айтылады, алайда бұл кейінгі сатып алу құқығы бар 20 жылға алынатын жағдайдағы баға. "Құжаттар мен өтініштер мемлекеттік тұрғын үй қорының есебінде баспанаға мұқтаж отбасылар санатындағы жеке тұлғалардан қабылданады. Бұл санаттағылар "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 67-бабының 1-пунктінде көрсетілген І тобына жатуы тиіс, яғни олар: көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары мен немесе асырап отырған отбасылар, жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері, бюджеттік ұйым жұмысшылары және 1, 2-топ мүгедектері", - делінген хабарламада. Бұл бағыттың қатысушылары топтарға бөлу арқылы анықталады және мынадай талаптар бойынша жүзеге асырылады: 1 топша - көрсетілген санаттардағы жергілікті атқарушы органдарында кезекте тұрғандар, некеде кем дегенде үш жыл тұрғандар, баласы барлар, ерлі-зайыптының екеуінің де жасы 35-ке толмағандар (құжат тапсырған уақытта), сондай-ақ, толық емес отбасылар. Ал екінші топшада көрсетілген санаттардағы жергілікті атқарушы органдарында кезекте тұрғандар, бірақ олар бірінші топшаға кірмейтіндер. Бағдарлама бағыты бойынша баспананы үлестіру нормасы екі тошаға да 50 пайыздан бөлінеді. Бағдарламаға қатысушыларға мынадай талаптар қойылады: - Бағдарлама қатысушыларына тиісті табыстармен міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін растау; - Өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы; - тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы саманнан салынған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында (ортақ бірлескен меншігі, осы тармақшада көрсетілген тұрғын үй бірлігі ретінде өзге отбасы мүшелерімен ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесі) жеке меншік үйінің немесе сатып алу мүмкіндігі бар жалға алынған тұрғын үйінің жоқтығы.
Kaz.tengrinews.kz