Әскерилер енді құрт пен қымыз ішеді
Қазақстанда әскери қызметшілерді азық-түлікпен қамтамасыз ету нормалары қайта қаралды. Енді мәзірде жылқы еті, түйе еті, балық және дәстүрлі сусындар болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Әскери қызметшілердің тамақтануын одан әрі жақсарту үшін Қазақ тағамтану академиясымен бірге ұлттық тағамдардың ерекшеліктерін ескере отырып, біраз жұмыс жүргізілді. Қосымша жылқы еті, қой еті, түйе еті, үйрек, қаз және балық түрлері әскери қызметшілердің рационына кіреді, құрт, қымыз және шұбат енгізу жоспарда бар», деді ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бағыт аға офицері Руслан Тапашев.
2020 жылы Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге берілетін азық-түлік құнын 40%-ға арттырды. Ал сарбаздардың тамақтануын ұйымдастыру қызметі аутсорсинг компанияларға берілді.
«2020 жылы бір рационның құны шамамен 1225 теңге болды, қазір ол 1713 теңгені құрайды. Әскери қызметшілерге арналған азық-түлік қызметі жеке компанияларға берілді. Бірақ рацион әр бөлімде әртүрлі екенін ескеру керек. Мысалы, десанттық шабуылдаушы күштердің нормасы басқа, матростар мен ұшқыштардың нормасы басқа», деді ҚР Қарулы күштер БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов.
https://egemen.kz