Елордада Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш қою ұсынылды
Елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына және Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығына арналған «Нұр-Сұлтан - Қостанай» веломарафоны басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚазАқпарат агенттігінің мәліметінше, веломарафонға қатысушылардың дені зейнеткерлер. Олар бір аптада Қостанайға жетуді жоспарлап отыр.
«Біз веломарафонды Нұр-Сұлтанда бастап, Қостанайға кемінде 750 шақырым жол жүруді жоспарлап отырмыз. Бүгін Астрахан, Жақсы, Октябрь, Әулиекөл ауылдары арқылы кетеміз. Айта кету керек, бізде материалдық қызығушылық жоқ. Мақсатымыз - Ыбырай Алтынсариннің туған жеріне бару, ескерткішін, сондай-ақ Қостанайдағы мұражайын аралау. Сонымен қатар қалада оның атындағы мектеп-гимназия бар, соған барғымыз келеді», деді ұйымдастырушысы және қатсыушысы Ернат Мелісұлы.
Марафон ұйымдастырушысы елордадан қазақ ағартушысына ескерткіш қоюды ұсынды.
«Біз бәріміз Ыбырай Алтынсаринді қазақтың тұңғыш мұғалімі ретінде білеміз. Ұлы ағартушысы қазақ руханиятында ерекше орын алады. Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында бұл көрнекті тұлғаның ескерткіші әлі орнатылмаған. Көше бар, бірақ қысқа, небары 700 метр. Келіп гүл қоюға болатын арнайы ескерткіш болса жақсы болар еді. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, қаланың астана болғанына 20 жылдан асты, осыған байланысты елорданың орталығында Ыбырай Алтынсарин ескерткішін орнату, әдемі және кең көшеге есімін беру туралы ұсыныс бар. Елорда жыл сайын өсіп келеді, сәйкесінше жаңа көшелер пайда болады. Сондықтан жаңа және кең көше табу қиын болмайды деп ойлаймын. Бұл сауапты іс болар еді», дейді ол.
Айта кетейік, веломарафон Ілияс Есенберлин көшесіндегі 20/1 - Ыбырай Алтынсарин ескерткіш үйінен басталды.
https://egemen.kz