Қолы алтын шебер
Шағын болса да өз кәсібін дөңгелетіп, нәпақасын тауып жүрген жандар қатары күннен-күнге артып келеді. Солардың бірі – Бала би ауылының тумасы Қайрат Кенжәліұлы. Ол тұрмысқа қажетті түрлі жиһаз жасаумен айналысады.
Кез келген үйді, кеңсенің ішін жиһазсыз елестету мүмкін емес. Себебі, әдемі жиһаз үйдің сәні. Осыны түсінген Қайрат заманауи үлгідегі жиһаз жасауды кәсіп көзіне айналдырғанына да 16 жылдай уақыт болды. Міне, осы жылдар аралығында өзінің шеберлігін шыңдау мақсатында Жезқазған қаласында 10 жылдай жиһаз жасайтын мекемеде жұмыс жасап, кейіннен туған жеріне оралып, шеберхана ашуды ұйғарады. Содан 2018 жылы кәсіпкерлікті қолдау аясында 2 млн теңге алып, өз ісін қолға алады. Осылайша, Бастау бизнес курсын 1 ай оқып, Қызылорда өңірлік инвестиция орталығынан бөлінген қаражатына өз ісін бастайды. Ең әуелі екі бөлмелі жай соғып, жиһаз жасауға қажетті ағаш кесетін, тесіп бұрғылайтын, желімдейтін түрлі станоктар алып, шағын цех ашады. Бұл күндері шеберхана іші нағыз еңбектің ордасына айналған.

– Жиһаз жасау да қолөнердің бір түрі. Демек, ол да шығармашылықты, ой-қиялды талап ететін жұмыс. Бір қараған адамға тақтай болып көрінген дүниенің қиюын келістіріп, әдемі жиһаз етіп шығару оңай шаруа емес. Отбасымның қолдауымен жұмысым өз жүйесін табуда. Жалпы, кәсіпқой маманға айналу үшін бірнеше жыл тер төгу керек. Сонда ғана жасалған өнімнің сапасын салыстыра аласың. Бұл жұмыс тиянақтылықты, ептілікті талап етеді дейді, – кәсіпкер.
Шебердің айтуынша, жиһазға қажетті бояулар да, желімдер де қымбат. Материалдарды, қажетті бұйымдарды Қызылорда, Түркістан қалаларынан алып келеді екен. Бұл шебердің әрбір қолынан шыққан жиһаздарына тұрғындардың сұранысы артып, көрші ауылдардан да тапсырыстар түсуде. Сондықтан, шебер талғамы жоғары тұтынушының ойын дөп басып, көңіліндегідей етіп жасап шығару үшін күндіз-түні жұмыс істеп барын салатынын айтты.
– Әр саланың қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Сол секілді жиһаз жасаудың өзіндік қыр-сыры бар. Өйткені, шаңыраққа қажетті жиһаздардың барлығы жасалады. Осы кәсіпті дамытуға бар күшімді салып келемін. Жасаған дүниелерімді тұтынушылар мақтап жатады. Бұл біздің мерейімізді өсіріп, жұмысқа деген ынта-жігерімізді оятады дейді шебер.
Қайрат Кенжәліұлы, тұтынушылардың әлеуеті орташа болғандықтан, баға да алдын ала келісім бойынша жүргізілетінін айтты. Негізінен, ас үй мен кіреберіс бөлмелердің жиһаздарына, үстелдерге, орындықтары бар үстелдерге тапсырыс көп. Алдағы уақытта технологиялармен цех ішін толықтырып, халыққа ерекеше әдемі әрі сапалы тауар ұсынуды көздеп отыр.
Ш.Шағдатұлы