Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қолдаудың маңызы

Мемлекеттік қолдаудың маңызы

Мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл сайын­ халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі артып келеді, яғни ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің саны өсуде.
Мал шаруашылығымен және өсімдік шаруашылығымен қатар біздің өңірде үй құстарын, бал араларын, балықтарды өсіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығына жатпайтын және ауыл шаруашылығы бизнесінің түрлерін кеңейту сияқты жобаларды белсенді іске асыра бастады. Ең қызығы басым көпшілігі ауыл жастары мен кәсіпкерлікпен бұрын соңды араласпағандар.
Жергілікті халықтың жеке кәсіпкерлікпен (өзін өзі жұмыспен қамтумен) айналысуға бет бұруына себеп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін кредиттік қолдау нысанын көрсете отырып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру мақсатында ауылдық жерлерде іске асырылып жатқан жобалар.
Аталмыш бағдарламалар жұмыссыз дағдарған халықты өз кәсібімен айналасып дамытуға септігін тигізуде .
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін кредиттік қолдау нысанын көрсете отырып, АӨК-нің басым бағыттарын дамыту және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру мақсатында ауылдық жерлерде іске асырылатын жобаларды қаржыландырады.
Осы Мемлекеттің көмегімен кәсіпкерлікті дамытудың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін маңыздылығы мен тиімділігін түсіну үшін біз «Кең Өріс» деп аталатын кәсіпкерліктің басшысы Сакен Яхияұлының тірішлігімен танысуға бардық.
Сакен Ділдабаев – Шиелі ауданы Тартоғай ауылының тұрғыны, қарапайым жанұяның асыраушысы. Сонғы жылдары жас күнінен бергі айналысқан кәсібі автокөлік жүргізушісі қызметініен босатылып, мал шаруашылығымен айналысуды жөн көріп «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алып, төрт айдан бері 50 бас ұсақ мүйізді ірі қара малын бағумен айналысуда.
Мал шаруашылығы қазақ халқына жат емес, «Кең Өріс»-тің малдары кең өріс алатынына кәсіпкердің өзі сенімді.

«Өскен өңір» ақпарат
23 шілде 2021 ж. 610 0