Хиджаманың қыр сырын меңгерген Нұрсұлтан
Бүгінде арқасы құрысып, шекесі тырысқандардың арасында хиджама дейтін ем жиі қолданылады.. Яғни, хиджама жасау кезінде адам бойындағы қан алмасу жақсарып, арам қан сыртқа шығады, жасушалар жаңарып, ағзаға оттегі еркін тарап, адам бойын зиянды заттардан арылтады. Жуырда ауданда осы бір емі талайдың дертіне шипа болған Нұрсұлтан Бұрханмен кезігіп, әңгімелесудің орайы түсті.
Хиджама жасау Қазақстанға 2000 жылдары келе бастаған. Ал, Сирия, Мысыр, Сауд Арабиясы секілді мұсылман елдерінде бұл ем түрі ертеден-ақ жақсы дамыған. Бұл күндері елімізде арнайы курстардан білімін жетілдіріп, кәсібін ашып жатқан жастарда жетерлік. Міне, ауданда хиджама салып, осы әдіспен айналысып жүрген жандардың бірі – Нұрсұлтан Ысқақұлы. Арман жолында алға ұмтылған жеткіншек жастайынан медицина саласына жақын болды.
Хиджама жасау Қазақстанға 2000 жылдары келе бастаған. Ал, Сирия, Мысыр, Сауд Арабиясы секілді мұсылман елдерінде бұл ем түрі ертеден-ақ жақсы дамыған. Бұл күндері елімізде арнайы курстардан білімін жетілдіріп, кәсібін ашып жатқан жастарда жетерлік. Міне, ауданда хиджама салып, осы әдіспен айналысып жүрген жандардың бірі – Нұрсұлтан Ысқақұлы. Арман жолында алға ұмтылған жеткіншек жастайынан медицина саласына жақын болды.
Ол, Шиелі ауданында дүниеге келген. №45 «Ақ Орда» мектеп гимназиясын тәмамдап, 2006-2010 жылдар аралығында «Түркістан Мемлекеттік медицина колледжінде» фельдшер мамандығын оқып бітіреді. Одан соң, 2010-2011 жылдар аралығында Отан алдындағы әскери борышын абыроймен атқарады. Содан 2011-2016 жылдары «Қаз Атом өнеркәсіп-Демеу» медсанчастта фельдшер қызметін атқарады. 2016-2017 жылдары Қызылорда қаласында «Авиценнада» ЖШС фельдшер болса, 2017-2018 жылы «BBNURA» ЖШС Гемодиализде аға дәрігер қызметін атқарады. Кейіпкеріміз білімін жетілдіру мақсатында Алматы облысындағы «Аль-Хиджама» сауықтыру орталығында Хиджама маманы бойынша оқып шығады. Тағы да 2019 жылы Ақтөбе қаласында «APODIT CLINIC» сауықтыру орталығында білімін жетілдіріп, хиджама жасаудың қыр-сырына тереңдей түседі. Мемлекет тарапынан қолдау тауып, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына келіп, «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 555600 теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізеді. Алған ақшаға аудан орталығынан «NURISLAM PROFESSIONAL HIDJAMA» сауықтыру кабинетін ашып, аудан тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласынан хиджама жасауға қажетті «IKHLAS» вакумдық шыны жиынтығын алдырған. Осы шынымен емделушілерге 40-45 минут ем жасалады. Тіпті, ауруынан айығып, алғысын жаудырып жатқандар да бар.
Оның айтуынша, бұл – гирудотерапияның бір түрі. Хиджаманы белгілі бір тәжірибесі бар мамандарға жасатқан жөн. Себебі, оның жасалу жолдарын білмеген адам керісінше адам денсаулығына зиян келтіреді. Сондықтан, ем алушыларды ең алдымен өзіміз тексеріп, нақты анамнезден кейін барып қана қан аламын. Қан алдыру арқылы денедегі артық токсиндерді шығаруға болады. Жалпы хиджама көп ауруға шипа. Белсіздік, бауыр ауруларына шалдыққан науқастар да келеді. Әрбір аурудың өз нүктесі болады. Сол бойынша денеге тілік салынып, қан алынады, — дейді Нұрсұлтан.
Бұл – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті, амалы. Хадистерде Пайғамбарымыздың өзі бас ауырған кезде қан шығартқаны айтылады. Сондай-ақ, желкенің, арқаның ауруларында осы әдісті қолданған. Бұл жайында хадисте былай делінген: «Үш түрде ем бар: бал ішуде, қан алуда және отпен күйдіруде. Ең жақсы ем жолы – қан алу. Ал, зәру жағдай тумайынша отпен емдеуге тыйым саламын» делінген. Міне, шариғатта қан алдыруда шипа да, береке де бар. Кімде кім хиджаманы жасағысы келсе, әр айдың 17, 19 және 21 күндерін таңдаған жөн.
Хиджама есте сақтау қабілетін жақсартады, сана-сезімді айқындайды. Сонымен қатар, хиджама қан қысымы, арқа ауруы, өкпе ауруы, простатит, иммунитет төмендігі, мойын, иық аурулары, тамырлардың тарылуы, бұлшықет аурулары, аллергия, бас ауру мен буын ауруларын емдеуге де көмектеседі. Міне, дәстүрлі медицина мен халықтық емді қатар пайдалансақ, адам денсаулығын жақсартуға болады. Еліміздің әрбір өңірінде арнайы орталық көптеп ашылып, сапалы қызмет көрсетсе, халық адаспайды. Нұрсұлтан алдағы уақытта орталығын кеңейткісі келеді.
Шапағат ТІЛЕУБАЕВ