Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Nur Otan» партиясы жаңа науқанға дайын.

«Nur Otan» партиясы жаңа науқанға дайын.


Әне-міне дегенше, ауыл әкімдерін сайлау науқаны келіп жетті. Биылғы сайлаудың бір ерекшелігі әкімдерді халық өзі сайлайды. Енді, оларға артылар міндеттің де салмағы арта түспек. Сайлауда айтылған уәде, алдағы жоспар барлығы халық бақылауында болмақ. Осы орайда алдағы саяси науқанға дайындық барысын білмек масатта «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Мүбаракұлымен сұқбаттасқан едік.
– Болат Мүбаракұлы, бұл жолға сайлау бұрынғыдан өзгерек. Маңызды науқанға дайындық қалай?
Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған маңызды қадамдардың бірі. Өйткені реформа жергілікті басқару жүйесіне қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертеді. Яғни, ауыл тұрғындары өздерінің көңілінен шығатын және әлеуметтік талаптарын орындай алатын әкімін таңдайды.
Осы тұрғыда ауыл әкімдігіне үміткерлерді саяси партиялар арқылы ұсыну немесе кандидаттың өзін-өзі ұсыну мүмкіндігінің қарастырылуы еліміздің саяси дамуындағы үлкен бір айтулы оқиға, жаңа бір кезең десек, ауыл тұрғындары үшін өз әкімдерін тікелей сайлап, сол арқылы өздерінің саяси құқықтарын кең ауқымда жүзеге асырудың тағы бір қосымша мүмкіндігіне ие болуы.
Сондай-ақ, халық шілде және тамыз айларында 5 ауылдың жаңа басшысын таңдайды. Яғни Жөлек, Майлытоғай, Ортақшыл, Жуантөбе, Талаптан ауылдық округтері. Қалған әкімдерді өкілеттік мерзімдері аяқталғаннан кейін сайлайды. Осы жаздың маңызды саяси оқиғасына орай 4 ауылдың әкімін сайлау шілденің 25-іне белгіленсе, Талаптан ауылының әкімін сайлау 1-ші тамызға белгіленді.
Осыған орай, Сайлау заңнамасының жаңа талаптарына сәйкес «Nur Otan» партиясы да Майлытоғай, Жөлек, Талаптан ауылдық округтері бойынша өз үміткерлерін бұл сайлауға ұсынып отыр.
Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ауданымызда сайлауалды науқан өткен аптада басталды. Партия ұсынған кандидаттарда арнайы дайындалған желілік кесте бойынша үгіт жұмыстарына қызу кірісіп кетті, сонымен қатар БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып белгіленген ережеге сәйкес жұмыстарын жүргізуде!

– Партия үміткерлерін іріктеу үшін қандай талаптар қойылады?
Партия үміткерлерін заңда көрсетілген талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметте екі жылдан кем емес немесе басшылық лауазымдарда жұмыс жасаған белсенді партия мүшелерін аудандық партия филиалының бюросының келісіміне орай филиал конференциясының бекітуімен ұсынды. Партия ұсынған үміткерлер аталған талаптарға сәйкес болды.
Ұсынылған кандидаттардың жас шамасы туралы ақапарат берсеңіз?
Жоғарыда атап өткен үш ауылға ұсынылған үміткерлеріміздің барлығы 42 жастағы азаматтар! Олардың барлығы да ауданның, ауылдың өзекті мәселелерін, жағдайын жақсы білетін, мемлекеттік бағдарламаларды барынша пайдаланып, ауыл игілігі үшін жұмыс жасайтын азаматтар деп есептеймін! Олар партияның бағыт-бағдарын, жоспарларын жақсы біледі.
– Халық қалауынан шығу үшін үміткерлер қандай бағдарламар дайындауда?
Жалпы, «Nur Otan» партиясы парламенттік және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы кезінде қабылдаған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты Шиелі ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен Жол картасы бекітілген болатын. Міне осы бағытта біздің үміткерлер өздерінің бағдарламаларында тиісті ауылдың өзекті мәселелері мен олардың шешілу жолдарын толық қамтыған.
– Партияның алдағы межесі мен міндеті қандай?
Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, ауданымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатын болады.
Бүгінгі таңда Шиелі ауданы бойынша 5 ауылдық округ әкімдігіне сайлау өткелі отыр. Оның 3 ауылдық округіне партия атынан кандитаттар ұсындық. Қазіргі таңда барлық кандидат сайлау заңы талаптарына сәйкес сайлауалды бағдарламалары дайындалып, үгіт жұмыстарын бастады. Олар сайлауалды бағдарламаларын түсіндірк бойынша білім саласы қызметкерлерімен, денсаулық саласы қызметкерлерімен, ауылдағы жеке кәсіпкерлермен және шаруақожалық жұмысшыларымен, жастармен кездесу қамтылған. Біз ауданның дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен идеялармен алмасуға және кең ынтымақтастыққа дайын және ашық екенімізді мәлімдейміз. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастырады.

Сұқбатыңызға рақмет
Шапағат Тілеубев

17 шілде 2021 ж. 690 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031