Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар шоколадтың адам үшін күтпеген пайдасын айтты

Ғалымдар шоколадтың адам үшін күтпеген пайдасын айтты

Ғалымдар шоколадтың адам үшін күтпеген пайдасын айтты

Табиғи шоколад қысқа мерзімде адамның көңіл-күйін көтеріп, күйзелістен арылуға септігін тигізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шоколад денеге құрамындағы май қышқылдарының арқасында әсер етеді. Сондай-ақ, ғалымдар тәттілерді тұтыну адамның жүйке жүйесіне айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.
“Стрессті шоколадтың көмегімен арылту өзін-өзі ынталандыру әсерін тудырады. Кейбір адамдар шоколадқа немесе тәттіге толықтай тәуелді. Әдетте бұл сүйіспеншілік пен адамға көңіл бөлінбеудің салдарынан туындайды", - дейді тәжірибелі психолог Ольга Твардовская.
"Стройная Россия" бүкілресейлік қоғамдық қозғалысының төрағасы Ольга Ванатова стресске қарсы күресте тәттінің көмегі жүйке жүйесіндегі жұбаныш шартты рефлексін тудырып, сол арқылы жақсы көңіл-күйге қол жеткізілетінін атап өтті. Мұндай реакция балалық шақта, ата-аналар балаларын тәттінің көмегімен жұбатқан кезде болған.
"Адамның стресске реакциясы екі кезеңнен өтеді. Біріншісі – адам резервтерді жұмылдыруға тырысады. Екіншісі - пайдаланылған резервтің орнын толтыру қажеттілігі. Атап айтқанда, глюкоза есебінен туындайды. Сондықтан біз стресстен зардап шеккен кезде тәттіні қалаймыз. Шоколад табиғи болса, қысқа мерзімде нөлден төмен көңіл-күйді қалпына келтіруге көмектеседі", - дейді ресейлік қоғам қайраткері.
Ванатованың айтуынша, шоколад шынымен де молекулалық деңгейде жұмыс істейді. Бұл әсер май қышқылдарымен қамтамасыз етіледі.
"Зертханалық тәжірибелерден ғалымдар көмірсуларға бай тағам миға көбірек серотонин - бізді бақытты ететін гормон шығаруға көмектесетінін білді. Алайда, мұндай эйфориялық сезім ұзаққа созылмайды", - дейді сарапшылар
Тәтті дәм, қаптама, шоколадты тілде еріту сезімі жағымды эмоциялар тудырып, тыныштандырады.
Сондықтан, күйзеліске ұшыраған адамдар табиғи шоколадты пайдаланғаны тиімді.



12 шілде 2021 ж. 480 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031