Соболев сақалынан сүйген Жамбыл жәкем
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Қаланы қорғау Ұлы Отан соғысының тарихынан айрықша орын алды. Жау Ленинград қаласына бір миллионнан астам адамнан тұратын күшпен шабуыл жасады: 17 мыңнан астам зеңбірек пен минометі, 1500-дей танк және 2 мың ұшағы болды.
Осындай қиын-қыстау күн келіп, ленинградтықтардың басына қара бұлт төнген кезде Қазақстанда жасақталған 310 және 314-атқыштар дивизиялары көмекке келді.
900 күн мен түнді қоршауда өткізген ленинградтықтардың табандылығы мен ерлігі дүние жүзін таңдандырды
Қаланы қорғаушылар 900 шақырымға созылған қорғаныс шебін тұрғызды. Қару-жарақ және оқ-дәрі жасаған кәсіпорындар өте ауыр жағдайда – атылған оқ пен төбеден түскен бомба астында жұмыс істеді. Зеңбірек оғынан, аспаннан түскен бомбалардан, ауру және аштықтан 1 миллионнан астам адам қаза тапты. Алайда, фашистер Ленинградты ала алмады. Қазақ халқы жоспардан тыс жүздеген мың тонна көмір, мұнай, қорғасын, мыс жөнелтіп, мыңдаған граната, зеңбірек оқтарын, мина жасап жіберді. Колхозшылар нан мен етін, майы мен жеміс-жидегін жолдады.

Қоршауда қалғандар қатарында мыңдаған қазақстандық жауынгерлер де болды. Ленинград, Волхов және Карель майдандарының түрлі учаскілерінде ақмолалық 310-шы және петропавлдық 314-атқыштар дивизиясы жаумен шайқаса отырып, 1941 жылдың күзінде олар Ладога көлі бойында бірден-бір қатынас жолын, ал қыста, атақты «өмір жолы» соқпағын қорғасты.
Қазақстандық қос дивизия әскерінің ойдағыдай шабуыл жүргізуі фашистердің Ленинградты толық қоршап алмақ болған үмітін күлталқан етті.
Қазақ жауынгерлерінің ерен ерлігі
Ленинград блокадасын бұзып, қала мен оның халқын қоршаудан азат етуде және РКФСР-дың солтүстік-батыс аймақтарын басқыншылардан тазарту ұрыстарында көптеген қазақстандық жауынгерлер қаһармандық танытты. Мәселен, 1943 жылы 25 шілде де Ленинград облысы Синявино селосы түбіндегі шайқаста жау дзотының оғы бөлімше жолына тосқауыл болды. Гранаты таусылған Сұлтан Баймағамбетов дзот амбразурасын кеудесімен жауып, ел бостандығы мен тәуелсіздігі жолында жанын құрбан етті. Ленинград үшін күрес шежіресінде Әлия Молдағұлованың даңқты есімі мәңгіге қалды. Қаһарман қазақ қызы 1944 жылы 15 қаңтарда Ленинград облысы Казачиха деревнясы үшін шайқаста мерт болды. 24-атқыштар бригадасында қызмет еткен З.Оңғарбаева ержүрек жауынгер ретінде көпке танылды.

372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. Ленинград майданында 48-атқыштар дивизиясының таңдаулы мергені Дүйсенбай Шыныбеков те ерлікпен шайқасып, 174 немістің көзін жойды (Шиеліден).
Ленинград үшін болған шайқастарда артиллериялық бақылау аэростаттары дивизионының командирі Саид Жылқышев көзге түсті. Ленинград қаласымен байланыс орнатуда азаматтық әуе флотының қазақстандық екі басқармасынан барлығы 41 қызметкер қатысты. Әсіресе, көзге түскен ұшқыштар қатарында С.Ахметов деген қазақ бар еді.
Ладога көлінің мұз үстінен тартылған «Өмір жолымен» күніне 3-4 мәрте қатынап, қоршаудағыларға азық-түлік, оқ-дәрі, дәрі-дәрмек жеткізген қазақ жүргізушілер (шоферлер) сапында – С.Қабиев, Қ.Оспанов және жол учаскелері бірінің бастығы кіші лейтенант К. Ахметшиев болды.
Балтық Әскери теңіз флотының қолбасшысы адмирал В.Трибуц 1943 жылғы сәуірде қазақ халқына жолдаған хатында «Қазақ халқының ұлдары Отан үшін шайқаста жауынгерлердің алдыңғы қатарында келеді. Барлық Балтық теңізшілерімен бірге олар Отанымыздың Балтық бойы шебіндегі құрметті вахтаны қырағылықпен күзетіп, теңіздегі сүйікті астанамыз, революция бесігі, даңқты Ленинградты ерлікпен қорғауда. Тек, бір ғана «Қызыл Тулы» «Киров» крейсерінде 100-ге қазақ жауынгер бар. Олардың көбісі батырлығы мен ерлігі үшін жоғары мемлекеттік наградалар – Кеңес Одағының ордендері мен медальдарын алды» деп баға берді.
1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
«Жамбыл келді майданға!»
1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде Қазақстанның халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» деген жырын арнады. Онда көп ұлтты еліміздің бүкіл еңбекшілерінің ой-тілегін, сезімін білдірді.

Қала қорғаушылардың бірі, ақын Николай Тихонов сол қиын қыстау кездегі Жамбыл жырының құдіреттілігін «Жамбыл – Ленинградқа, оны қорғаушылар қатарына келіп тұра қалды» деп аса жоғары бағалады.
Ақын жыры достықтың шынайы әнұранына айналды:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
………………………….....
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап болып қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…
Жамбыл шығармасынан алған әсері туралы атақты жазушы Всеволод Вишневский былай деп жазды: «Осы бір толғауды көзіне жас алмай және тебіренбеген қуаныш сезімінсіз оқу мүмкін емес. Біз бұл жырды тың күш келіп жеткендей бағаладық. Қазақстан халқы бізге туысқандық сәлемін, сүйіспеншілігі мен достығын жолдады. Ол – күшімізді еселей түсіп, жаумен шайқасқа кірістік». «Қазақтың данышпан жыршысы жыры арқылы бүкіл елімізге: «Мен сендермен біргемін, ленинградтықтар!» деді», – деп жазды 1941 жылдың күзінде «Ленинградская правда» газеті...
«Ол жақта қазақтар болды»
Ленинград блокадасына қатысушы, Ленинград блокадашыларының Алматы кеңесінің ардагері, Алматы қаласының тұрғыны 92 жастағы қария Сергей Понкратенков Невадағы жау қоршауы мен соғыс туралы естелігін айта келіп, Caravan.kz тілшісінің сұрақтарына былай деп жауап берді:

– Сіз Ленинград блокадасында қазақстандықтарды кездестірдіңіз бе?
– Әрине, о не дегеніңіз, қазақтар ол жақта болды. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» деген атақты өлеңі жазылған үнпарақтар қалада көптеп жапсырылып тұрды, жырды бәрі білді, құрметтеді.
ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңін сынға алушылар да болмай қалған жоқ. 100 жасаған Жамбыл Жабаевты биліктің сөзін сөйлеген жағымпаз деп жазғырды. Ресейдің әртісі, музыкант-гитарист Александр Розенбаум бір кезде Ленинград туралы Жамбылдың жүрекжарды жырына жағымсыз ән шығарған.Әншісымақ «Ленинградцы, дети мои, Ленинградцы, не ваши дети» – деп сандырақтаған…
«Ленинградтық өренім» қалай жазылды, не түрткі болды?
Соғыс жылдары Қазақстан Үкіметін басқарған Нұртас Оңдасыновтың естелігінде былайша баяндалады:
Соғыс жылдары Қазақстан Үкіметін басқарған Нұртас Оңдасыновтың естелігінде былайша баяндалады:
«...Неміс басқыншылары Ленинградты қоршап алды. Сыртпен байланыс үзіліп, 900 тәулік қала қоршауда тұрды. Ладога көлінен өтетін бір ғана соқпақ арқылы кең байтақ Кеңестер Одағынан жиналған азық-түлік, киім-кешек бораған оқтың астынан амалдап өткізіліп, қала тұрғындарына жеткізілді. Содан бұл соқпақ – «Өмір жолы» деп аталып кетті.
Қазақстан тез арада ленинградтықтарға ұзын саны 140 вагоннан тұратын, екі теміржол составын жасақтады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бұл сәлем-сауқатты оларға Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Әбсемет Қазақбаевтың бастап баруын ұйғарды. Сыйлыққа қоса Қарағандының №31 шахтасының кеншісі Түсіпов өз атынан хат жолдады. Ол өз хатында «қазақ халқының сый-сияпатын ақ ниет пен берік достықтың нышаны деп білерсіздер» деп жазды.
Менің көкейімнен материалдық көмекпен қоса қоршауда қалған қала жұртшылығына моралдық күш беретін, рухын көтеретін бір сәлем сөз арнау кетпей қойды. Бұл ойымды Орталық Комитеттің отырысында айтып едім, көпшілік қолдады. «Сөз анасы – сәлем» демей ме қазақ, сол асыл сөзді кімге жаздыруды ойлаған кезде аузыма, Жәкең – Жамбыл Жабаев түсті.
Содан Орталық Комитеттің тапсыруымен 1941 жылдың күзінде қасыма ақындар Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, тағы да біраз адамды ертіп Жәкеңнің аулына келдік. Бір топ адам сау етіп ертемен келгенге ауыл адамдары елеңдесіп қалды. Онсыз да соғыстың суық хабары жүректерін шайлықтырып қойған ғой. Жәкең ауыл сыртында ат үстінде жүр екен. Бәріміз сол кісіге қарай жүрдік. Амандық, саулықтан соң келген мақсатымызды айттық, жеткіздік. Жәкең біздің сөзімізді ат үстінде отырып тыңдады да, үнсіз қалды. Бір мезетте еңсесін көтеріңкіреп, қызылға түсер қырандай қомданып, қапталда жатқан ақбасты Алатауға қарап қойды да, ишарамен «үйге жүріңдер» дегенді білдіріп, өзі жол бастады.
Қашанда да қонаққа жаюлы тұратын Жәкеңнің мол дастарханы, оның айналасына бәріміз жайғастық. Жәкең төрде ілулі тұрған домбырасын алдыртып, шанағын қағып-қағып жіберді. Әдетте қарт жыраудың жырды нөсерлетіп төгіп-төгіп жіберетін, бір сөзін екінші рет қайталамайтын қасиетін білетін ақындарымыз қағаз бен қаламдарын алып, аңысын аңдып дайын отыр. Жәкең жырын бастады, ол қағазға түсіп мәңгілік дүниеге айналып жатты…Келген мақсатымыз орындалып, кіші бесінде Алматыға олжалы оралдық. Қуанышымыз шексіз...»
Жүз жастағы жыр алыбының миллиондаған жүректі тебіренткен, жұбатқан атақты жыры осылай жазылған екен.
Мәскеулік мейман
Бірде кеңес одағының көрнектi жазушысы әрi әдебиет сыншысы Леонид Соболевтiң Алматыға жолы түседi. Ол Жамбылды көргісі келетінін айтады. Мұхтар Әуезов Собелевті жыр алыбы Жамбылға ертiп барады. Жәкең, әрi-берiден сөз қозғап, бiраз өлең-жырларын домбыраға қосылып орындайды. Жүзге жақындап, шау тартқан ақынның өнерiне, қайрат-жiгерiне мәскеулiк қонақ риза болып отырады. Бiраз уақыттан соң олар ақын туған өңiрдi көру үшiн сыртқа беттейдi. Қарт жырау есiк алдында кебiсiн таппай сәл-пәл абдырап тұрып қалады. Соболев көмектесiп, кебiсiн кигiзедi. Мұны өзiне мiн санаған Жамбыл ақын кебiсiн кие сала:

Жiгiт едiм жасымда қысылмаған,
Көрсеткен жоқ тiрi жан қысым маған.
Тар саңлаудан дәл соққыш мерген Жамбыл,
Кең кебiсiн кие алмай пысылдаған, – деп өлеңдетiптi.
Мұхаң мұны қолма-қол, жолма-жол аударып бередi. Жүз жастағы жыр алыбының табан астында шығарып айтқан ұтымды шумағына әрi қабiлет-қарымы мен намысына риза болған Соболев:
«Мiне, нағыз Гомер, нағыз ақық жырдың алыбы» деп, Жамбылдың сақалынан сүйген екен.
Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ,
Қазақстанның «Құрметті журналисі», халықаралық «Михаил Шолохов» алтын медалінің иегері