Бір әулеттің қос ұлы


Берекелі отбасынның ізін жалғаған ізбасарлары елдің тыныштығын күзетуге барын салуда. Адам өмірі мен ел қауіпсіздігін қорғау жолында талмай еңбек етіп, қызметі мен отбасын қатар алып келе жатқан Нұрдос Жақыпов 1979 жылы Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылында дүниеге келген. Одан әрі білімін жетілдірмекке Жезқазған қаласындағы «Ө.А.Байқоңыров» университетіне түсіп, құқықтану факультетін бітіріп шықты. Еңбек жолын Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін аброймен атқарып жүр. Шиелі ауданындағы полиция бөлімінде қызметте жүріп, 2006 жылы шаңырақ көтеріп, қазіргі таңда төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған ардақты әке, қамқор отағасы. Аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметтік шені полиция майоры, талай қылмыстың алдын алып, бұзақылардың жолын кескен Нұрдостың ішкі істер органында қызмет еткеніне 17 жыл толды. Осы жылдар аралығында елдің алғысына бөленіп, түрлі марапаттардың иегері атанды.
Аудан тыныштығын кірпік қақпай күзетуде інісі Нұрғали Бақытханұлының да еңбегі орасан зор. Тәуелсіз елдің тыныштығын қадағалаған Нұрғали Жәрдемхан Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылында дүниеге келген. Алматы қаласы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің «Экономика және құқық» факультетін бітіріп, Шиелі ауданынының ішкі істер бөлімінде жергілікті учаскелік полиция бөлімшесіне жұмысқа орналасады. Қазіргі таңда учаскелік аға инпекторы қызметін атқарып жүрген азамат. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметте еңбегі ескеріліп, арнайы марапаттармен марапатталды. Қызметтік шені полиция капитаны. Бүгінде өзгенің өмірін өз өмірінен жоғары қойып, күн-түн демей қызмет етіп келе жатқан бір әулеттің қос ұлы көпшілікке үлгі беретін өнегелі шаңырақ. Сырбаз жігіттердің қызметтік жолда қанаттары талмай қажырлы еңбектің берекесін көріп келе жатқан Жақыповтар отбасы ерекше мақтауға лайықты.
Шапағат Тілеубаев