Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаңыз зорлық-зомбылыққа тап болдым десе...

Балаңыз зорлық-зомбылыққа тап болдым десе...

ЕГЕР СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ "ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ТАП БОЛДЫМ" ДЕП АЙТСА:

1. СЕНІҢІЗ. Егер ол болған жағдай туралы эмоционалды, егжей-тегжейлі айтып берсе, эмоциясы болған жағдайға сәйкес келсе, көрген қорлығы туралы өтірік айтпайды.

2. КІНӘЛАМАҢЫЗ. Зорлықты жасаған сіздің балаңыз емес, басқа адам. Сол себепті, оны кінәләмаңыз.

3. САБЫРМЕН, ШЫДАМДЫЛЫҚ ТАНЫТА ОТЫРЫП, ТЫҢДАҢЫ. Оған барлық қиындықты түсініп отырғандығыңызды көрсетіңіз

4. ОНЫҢ ҚИНАЛЫСЫН КІШІРЕЙТПЕҢІЗ. Оған "ешнәрсе етпейді, өтіп кетеді" деп айтпаңыз.

5. БАЛАҢЫЗҒА ОНЫҢ ӨМІРІНДЕГІ ЕҢ ҚИЫН БОЛҒАН ЖАҒДАЙДЫ СОҢЫНА ДЕЙІН, ЕШНӘРСЕНІ ҚАЛДЫРМАСТАН АЙТУҒА МҮМКІНДІК БЕРІҢІЗ. Бұл оған жауапкершілік пен кінә сезімінен арылуға көмек береді.

6. ОДАН БАС ТАРТПАҢЫЗ. Ол сізге айтқан кезде, сіз ашуланып, қорқып, кінәласаңыз, жағдайын ауырлатуы мүмкін.

7. ӨЗІҢІЗДІ ЭМОЦИЯҢЫЗДЫ КӨРСЕТПЕҢІЗ. Оның көзінше жылап, қорықпаңыз.

8. Оған болған жағдайдан шығуға КӨМЕК БЕРЕТІҢІЗДІ айтыңыз.

9. Болған жағдай туралы баланы жараламас үшін, туыстарға, достарыңызға АЙТПАҢЫЗ.

10. БАСҚА АДАМДАРДЫҢ БАЛАҢЫЗДЫ МҮСІРКЕУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ. Бұл балаңызға барлығы сияқты емеспін деген ой қалыптастырады.

11. БАЛАҢЫЗДЫҢ ОЙЫН БӨЛУГЕ ТЫРЫСЫҢЫЗ. Көбірек уақыт бірге өткізіңіз

‼️Зорлық зомбылық құрбандары онымен болып жатқан жағдай НОРМА ЕМЕС екендігін түсіну қажет. ОЛАР КӨМЕК АЛА АЛАТЫНДЫҒЫН білу керек. Егер балаңызға психологиялық көмек қажет болса, біздің сенім телефонына хабарласа аласыздар және кез келген уақытта тегін психологиялық көмек ала аласыздар!


		</div>	

		<div class=
20 маусым 2021 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930