Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина кәсібі – мамандықтың асылы

Медицина кәсібі – мамандықтың асылы


Жер бетінде мамандықтың түрі өте көп. Бірін білсек, көбін білмейтін, естімеген мамандықтардың саны жетерлік. Десек те, мамандықтардың ішіндегі төресі медицина екені даусыз. Әсіресе, жер жаһанды жаулаған індеттің өршіп тұрған уақытында ақ халаттылардың жауапкершілігі артып, ел үшін аянбай қызмет етті. Үй көрмей емдеу ісімен айналысқан жандардың тән мен жан саулығы үшін жасаған еңбектері орасан зор. Сондықтан бұл күнде ыстық ықыласқа бөленген ақ халаттыларды көпшілік ерекше құрмет тұтады.
Қай медицина қызметкерін мақаламызға арқау етіп алсақ та, халық үшін аянбай еңбек ететіні сөзсіз. Себебі, таңдаған мамандығын игергендегі мақсаты да, ұраны да, тіпті, Гиппократ антына қол қойып, өмірлік сала ұстанымы ретінде айтуының мәні де осында.
Медицина саласы деп ауыз толтырып айтқанымызбен ішінде өзара жік-жікке бөлгенде көрінбей қалатын бөлімдері бар. Алайда, сала мамандығының емі жүргізілуі үшін ең маңызды бөлігінсіз ем жүрмейді. Бұл не дейсіз ғой? Бұл қан талдамасы, яғни анализ нәтижесі. Ем алудағы қағатын ең бірінші есігіңіз де осы.
Бұл салада еңбек етіп жүрген Ибраева Гүлжанның еңбек өтілі 26 жыл. Ол 1993-1995 жылдар аралығында Алматы қаласындағы мемлекеттік медициналық училищені мейірбике ісі бойынша тәмамдап, 1995 жылдан бүгінгі күнге дейін аудандағы орталық ауруханада қызметін мүлтіксіз атқарып келеді. Зертхана ісі бойынша біліктілігін шыңдап, лаборатория маманы атанады. Ауруханада 1995 жылдан 2017 жылдың қарашасына дейін лаборант, 2017 жылдан бастап аға лаборант, 2019-2020 жылдары Олимп зертханасында да аға лаборант қызметін атқарып жүрген Гүлжан Баянбайқызы жоғарғы санаттағы білікті зертханашы маман.
– Жұмысымыз лаборатория болғандықтан бірыңғай қан талдамаларымен жұмыс істейміз. Бұл қызметте ең үлкен құрал-көмекшіміз – микроскоп. Адам бойындағы жақсылы-жаманды дәруменнің барлығы бойыңыздағы 62 тамырдан табылады. Бір жеріңіз ауырып тұрса қан талдамасында түрлі көрсеткіштер шығады. Сондықтан қан алу, оны түрлі апарат арқылы зерттеу, нәтижесі анық шығу үшін күні-түні кезекшілікпен жұмыс жасау біздің басты міндетіміз болып табылады, – дейді Г.Ибраева.
Жалпы, аудандық ауруханадағы зертхана бөлімінде 18 маман жұмыс жасайды. Оның 7-еуі ауруханаға, 8-і емханаға жауапты. Одан бөлек 6-ауы аймақтағы елді мекендерге жауапты. Сондақ-ақ, 1 дәрігер, 1 аға лаборант, 1 тазалықшы бар. Жалпы саны 24 маман аудан тұрғандыры үшін күн-түн демей қызмет етеді.

Ақбота БАЯНБАЙ
18 маусым 2021 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930