Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда шағын бетон зауыты ашылды

Қазалыда шағын бетон зауыты ашылды

Қазалы ауданында тағы бір нысан іске қосылды. Жеке кәсіпкер Рүстем Мәмбетжанов өзінің қаражаты есебінен шағын бетон зауытын ашты, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа нысанның ашылуына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.Әйтеке би кентінен ашылған зауыт заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жеке кәсіпкер бетон шығаратын автоматтандырылған аппаратты Қытайдан арнайы алдыртқан. Одан бөлек, қосымша техникалары да бар.
Аудан орталығындағы индустриялық аймақта орналасқан зауыт сағатына 20 текше метр бетон шығарады. Қазіргі таңда мұнда 5 адам жұмыспен қамтылған.

https://baq.kz​​​
26 мамыр 2021 ж. 301 0