Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда оттегі станциясы іске қосылды

Қазалыда оттегі станциясы іске қосылды

Қызылорда облысы Қазалы аудандық ауруханасы жанынан оттегі станциясы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Автоматтандырылған заманауи құрылғы сағатына 40 текше метр тазалығы 99 процент болатын оттегі шығарады. Техникалық қауіпсіздігі толық ескерілген аппарат тәулік бойы 120 баллонды толтыруға қауқарлы. Оның жартысынан көбі Арал, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласындағы емдеу мекемелеріне жіберіледі. Айта кетейік, Қазалыдан бөлек, көпбейінді облыстық аурухана маңынан да оттегі өндіру бекеті ашылған болатын.    Раушан Қалуова, Қазалы аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары: – Аурухананың жансақтау, оңалту бөлімшелеріне тікелей тартылып, беріліп жатыр. Босану бөлімі аурухананың «Б» блогында орналасқан, 2-ғимаратта орналасқан провизорлық-инфекциялық бөлімшелерге баллонмен беріліп тұрады.

www.24.kz
04 ақпан 2021 ж. 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930