Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аусылды асқындыруға болмайды

Аусылды асқындыруға болмайды


Төрт түлік өсіруде кездесетін қиындықтардың бірі – мал індеті. Сондай індеттің бірі көбінесе мүйізді ірі қара жануарында пайда болатын аусыл дерті. Бұл ауру ас жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегей қабығында, желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болу арқылы ерекешелінеді
Бұны дер кезінде ауыздықтамаса адамға қауіпті. Иә, елімізде мұндай індет бұрындары болмаған. Ертеректе XIV-XV ғасырда Еуропада ұшырасқаны жөнінде ғылыми әдебиеттерде жазылған. Аусыл ауруын 1546 жылы итальян ғалымы Фрокастро анықтаған соң, оған қарсы емдік шаралар жасала бастаған. Аусылмен мүйізді ірі қара мал батпақты, сызды, дымқыл жерлерде, әсіресе, көктемде ауырады. Сиырлардан адамға еті, сүті, терісі арқылы жұғады екен. Аусыл дертіне сиыр, шошқа, қой, ешкі мен түйе жиі шалдығатыны жасырын емес. Аусылды таратпаудың ең тиімді жолы ауру малды өртеп, қора-қопсыны залалсыздандыру жұмыстарын дер кезінде жүргізу. Аурудың таралуына алып келетін көп жағдайдың бірі – шаруашылық-экономикалық байланыстар, мал басының тығыздығы, халықтың жүріп-тұруы, мал азығын дайындау мен тасымалдау әсер етеді. Аусылдың негізгі белгісі жануарлардың денесінің ыстығы 41 градусқа дейін және одан да жоғары көтерілуі болып табылады. Ауырған мал қатты қиналып, тамырының соғуы жиілеп, ауызының кілегей қабығы қызарады, күйіс қайтаруы тоқтап, тұяқ көбесі домбыға бастайды. Кейде ауырған малдың орталық жүйке жүйесі зақымданып, парез, паралич, атаксия бұлшық еттернің дірілі сияқты құбылыстар байқалады. Осы ауруға шалдыққан жануардарды емдеудің басты жолы жедел оқшаулап, жұмсақ жем-шөп беру. Аузын 2 процент сірке қышқылының, 1 процент бор қышқылының ертініділірімен оқтын-оқтын шаяды. Күлдіреуіктің орнына 20 г балық майы және 70 г вазелиннен тұратын қоспа жағады. Аурудан айықтырып алудың тиімді жолы аузына тұз құйып немесе «Венка-21» вакцинасын салса сауығуына кепіл болады. Мал басының амандығын ойлаған қазекем ауруға шалдыққан жан-жануарларға тиісті ем-домдарын жасап, аман қалуын жіті қадағалап келеді.

Ә.Райымбек,
ҚР АШМВБжҚК-нің Шиелі аудандық аумақтық инспекция бас маманы
25 мамыр 2021 ж. 953 0