Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Ахметов: 9 мамыр – батыр бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихта мәңгілік қалған күн

Ахметов: 9 мамыр – батыр бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихта мәңгілік қалған күн

BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Ардақты ардагерлер! Қымбатты жерлестер! Сіздерді елдік пен ерліктің, мызғымас бірліктің мерекесі - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! – деді облыс әкімі.

Оның сөзінше, 9 мамыр – батыр бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихта мәңгілік қалған күн. Баршамызға бейбіт өмір мен баянды болашақ аманат етілген кез.

Біз Отаны үшін от кешкен ерлердің өр рухына мәңгілік тағзым етіп, ардагерлер алдында бас иеміз. Соғыс жылдары алыстаған сайын аталарымыз бен әкелеріміздің даңқты ерлігі жүрегіміздің түбіне терең бойлайтыны ақиқат. Азаттықтың ақ таңын атырған жауынгерлердің рухы мен бауырлас халықтар достығының алып күші айқындала түсуде. Бірліктің бұл ұлы күші тек ұрыс даласында ғана көрініс тапқан жоқ. Жеңіс үшін теңдессіз ерлікті тыл еңбеккерлері де танытты, - деп жазды Даниал Ахметов.

Сөз соңында облыс әкімі ардагерлерге алғыс айтып, тілегін білдірді.

Біздің жүрегімізде сіздерге деген шексіз құрмет мәңгі сақталады. Бірлігі жарасқан іргелі елдің ұрпағы өздеріңізге алғыс айтып, тағзым етеді. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас ырыс тілеймін! Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын! – деді ол.
09 мамыр 2021 ж. 152 0

Соңғы жаңалықтар

Солақайды сынама!

Солақайды сынама!

13 маусым 2021 ж.

Қоғам

Солақайды сынама!

13 маусым 2021 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (8900)

12 маусым 2021 ж.

№45 (8899)

08 маусым 2021 ж.

№44 (8898)

05 маусым 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам