Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық COVID-паспорттар шетелде жарамды ма?

Қазақстандық COVID-паспорттар шетелде жарамды ма?

Бұл сұраққа бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халықпен есептік кездесу барысында жауап берді.

Бұл мәселе қазір, соның ішінде шет мемлекеттерде де талқылануда. Қазіргі уақытта әлемде қозғалысты шектеу бойынша нақты белгіленген нормативтік құжат жоқ. Бұл мәселе әлі қаралып жатыр, - деді ол.Біз Қазақстанда өз ақпараттық жүйемізді дайындадық, қазір әрбір азаматтың вакцинаның екі дозасынан кейін алынған электрондық екпе паспорты бар. Негізінде, егер халықаралық заңнама өзгертілсе,біз әрқашан интеграцияға дайынбыз және біздің ақпараттық жүйелеріміз басқа халықаралық жүйелермен интеграцияға дайын. Қазіргі уақытта мұндай талаптар жоқ, - деп түйіндеді министр.

Министр осы бағыттағы жұмыстарға толығырақ тоқталды.Айта кету керек, бүгінгі есеп беру кездесуі барысында министр 2020 жылғы қызметі және ведомствоның 2021 жылға арналған жоспарлары туралы әңгімеледі.Бұған дейін министр вакцинация паспорты «Ashyq» қосымшасымен біріктірілетінін мәлімдеген болатын.
https://baq.kz
30 сәуір 2021 ж. 316 0