Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамырдың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы

Мамырдың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған, яғни 1-3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Сәуірдің соңғы күндерінде Қазақстан аумағына антициклонның енуінің әсерінен республиканың көптеген облысында ауа температурасы төмендейді.
Алайда, 2 мамырдан бастап биіктік жоталары елдегі ауа райына әсер етіп, жылы ауа массаларын алып келеді.
Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 17...27°С-тан 28...36°С-қа дейін, солтүстік өңірлерде 10...18-ден 15...23°С-қа дейін көтеріледі деп болжануда. 
Бірақ циклондар да көп күттірмейді 1 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерде нөсер болады, найзағай ойнайды, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
2 мамырдан бастап батыс аймақтарға Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер ете бастайды, олар солтүстік аймақтар арқылы жылжып, бұл аудандарда жаңбыр жауады.   
https://baq.kz​​​
30 сәуір 2021 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31