Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ыза су ыза тудырмасын десек...

Ыза су ыза тудырмасын десек...


Шиелі ауданында орналасқан көптеген көлдер бар. Солардың қатарына Кривое, Круглое, Қанқожа көлдері де жатады. Бұл көлдердің арасы бірнеше шақырым өзектер арқылы жалғасып жатыр. Осы көлдерге су екі тараптан құйылады. Біріншісі К-4 қашыртқысы, екіншісі Р-7 каналының 165-бекетіндегі №1 қашыртқысынан бастау алатын өзек арқылы. Алайда, кімнің теңгерімінде екені беймәлім.
Аталған су қашыртқылары көп жылдардан бері ешкімнің теңгерімінде болмауына байланысты осы өзектердің арналарына қамыс, қоға өсіп, батпақпен саязданып қалған. Соның салдарынан су өткізу қабілеті өте нашарлап, судың деңгейі төмендеген кезде су тоқтап, бұзылып, сасып, балық өліп, бұл суды ішкен малдар ауырып, күн ысыған кезде жаман иіс шығып, қолқаны алады. Сондай-ақ, Жансейіт, 21-бекет тұрғындарының еркін дем алуларына кері әсерін тигізуде.
Сонымен қатар, осы өзектер Иіркөл ауыл округінің егістіктеріне ыза су түсетін қашыртқы есебінде де жұмыс істеп тұр, бірақ су тартылуына байланысты су кері теуіп жерлерді ыза басуда. Енді не істеу керек деген заңды сұрақ туады. Бірінші кезекте өзектерді тиісті мекеменің теңгеріміне алуына ықпал жасау үшін ауыл әкімдері осы жұмыстармен айналысуы керек. Бұл жұмыстар уақытты талап етеді. Жоғарыда аталған жұмыстар іске асқанша демеуші тауып бірінші кезекте мына жұмыстар іске асырылуы қажет:
1) Р-7 каналының 165-бекетіндегі №1 қашыртқыдан бастау алатын өзектің арнасын батпақтан тазалап (1,5 шақырым) Кривой көліне қосу.
2) Жансейіт ауылы тұсындағы өзекке салынған көпірдің астынан бастап 500 м жерді батпақтан тазалау;
3) 21-бекет ауылындағы өзектің К-4 қашыртқымен қосылатын жердің 500 м батпақтан тазалау;
4) К-4 қашыртқысының 0-бекетіндегі өзекке қосымша 100 м жерді батпақтан тазалау.
Өзектен аққан сулар Бәйгеқұм ауылындағы Қанқожа көліне жиналады. Бұл көл біріншіден Жөлек, Бәйгеқұм елді мекендердің үй іргелік жерлерін, егістік жерлерін сумен қамтамасыз ететін су қоймасы жұмысын атқарып отыр. Екіншіден кейінгі жылдары Бәйгеқұм ауылы халқы Қанқожа көліне демалуға келген қонақтарға қызмет көрсетіп кәсібін ашып нәпақасын айырып отырғаны барлығымызға белгілі. Анығын айтсақ Қанқожа көлінің жағасы демалыс орнына айналып келеді.
Жыл басында аудан әкімі Қ.Мүбараковтың есебінде 2021 жылы осы көлге шетелден инвестор келіп демалыс орындарын ашатыны жөнінде хабардар еткен болатын.
Егер тез арада өзектің арнасын тазалап қалыпты жұмысқа келтірмесек суы сасыған өзектерден жиналған сулар ешкімді де аямайтыны белгілі жағдай.
Сондықтан, аталған көлдерді «Табиғат» мекемесінің теңгеріміне өткізу керек.

Ә.СЕЙІТОВ,
инженер-гидротехник

26 сәуір 2021 ж. 521 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 42

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031