Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы ақ ұлпаға бөленді

Алматы ақ ұлпаға бөленді

Алматыда кеше түсте, қас-қағым сәтте төңірек ақ көрпеге оранды. Кей жерлерде оның қалыңдығы 12 сантиметрге жеткен. Табиғаттың тосын мінезіне мұндағы жұрт таңырқай қарағаны рас. Кейбірі бұл көріністі суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жарыса жариялады. Ал қазақта наурыз айының соңы мен сәуірде болатын осы құбылысты «құс қанаты» деп атаған. Төпелеп жауған қар коммуналшылардың қолына қайта күрек ұстатты. Кешелі бері қар тазалау жұмыстарына 395 техника мен 900-ден аса маман жұмылдырылған. Ал синоптиктердің мәліметіне қарағанда ақ ұлпаның бүгін де жауатын сыңайы бар.

24.kz
22 сәуір 2021 ж. 423 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031