Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцинациялаумен қамту тәулігіне 70 мың адамға артты

Вакцинациялаумен қамту тәулігіне 70 мың адамға артты

BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Киясов айтты.

Вакцинациялаудың өсу қарқыны байқалады, вакцинациялаумен қамту тәулігіне 70 мыңнан астам адамға дейін артты. Бүгінгі күні бірінші компонентпен 766 614 азамат, екінші компонентпен – 126 500 азамат егілді. Бүгінгі күні өңірлерде шамамен 156 мың доза вакцина бар. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, - деді ол.

Бас санитар қажеттілікті ескере отырып, егу пункттерінің саны тұрақты түрде өсіп келе жатқанын атап өтті. Бүгінгі күні өңірлерде 1051 егу пунктінде иммундау жүргізілуде.

Бұдан басқа шалғайдағы аудандарда, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу үшін 303 көшпелі егу бригадасы жұмылдырылды. Иммундау науқанына 10 мыңнан астам медицина қызметкері тартылды. Ауыл тұрғындары үшін вакцинацияның қолжетімділігін арттыру мақсатында вакцинация жылжымалы медициналық кешендерді пайдалана отырып ұйымдастырылады, - деді ол.

Айта кетейік, Ерлан Қиясов бұған дейін Қазақстанның 10 өңірі «қызыл» аймақта, 4 өңір «сары» аймақта, тағы 3 аймақ «жасылда» тұрғанын мәлімдеген болатын.
21 сәуір 2021 ж. 368 0