Сақтық – саулық кепілі
Қазақстанда вакцина егу 1 ақпанда басталды. Халық арасында вакцинаға байланысты алуан түрлі сұрақ бар. Вакцина міндетті емес, ерікті түрде жүреді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сай, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакциналау адамның ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда азаматтың вакцинадан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. Кез келген қысым заңсыз. Коронавирусты жұқтырып, оны тарату тәуекелі жоғары топтар бірінші қабылдайды. Бірінші кезеңде инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмек, реанимация, медицина-санитариялық алғашқы көмек көрсету, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет мүшелері вакциналанады. Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтары, бірінші кезеңге кірмеген медицина қызметкерлері вакцина алады. Үшінші кезеңде мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар қамтылады. Сонымен қатар қосымша осал топтар: ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметі және тағы басқа қызметкерлерге вакцина егіледі. Бірақ барлығы да ерікті түрде екенін қайталаймын. Менде өз еркіммен вакцина салдырдым. Сіздерге де кеңес беремін. Себебі, қазір індет жұқтырғандар саны өсіп келеді. Сол үшін сақтық шараларын ұстайық. Екпе салдыру арқылы өзіңізді де өзгені де қорғаңыз.
Гүлзада Әйтекеева,
СЭББ маманы
СЭББ маманы