Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Лотерея билеттерін ұрлап, бір сәтте байып кетпек болған ұры ұсталды

Лотерея билеттерін ұрлап, бір сәтте байып кетпек болған ұры ұсталды

BAQ.KZ. Лотерея билеттерін ұрламақ болған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны анықталды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бородулиха ауданының полиция бөліміне акционерлік қоғамның директорынан белгісіз адамның бөлімше ғимаратының құлпын бұзып кіргені жайында арыз түсті. Бөлімшеден ұялы телефон, стационарлық жүйелік блок және лотерея билеттері ұрланған.

Осылайша, жалпы сомасы 160 000 теңгеден астам материалдық залал келтірілді.

Учаскелік полиция инспекторы жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен бірге Жерновка ауылының бірнеше рет сотты болған 22 жастағы тұрғынын күдікті ретінде тергеуге алды. Одан жауап алу кезінде күдікті кінәсін мойындап, ұрланған мүлікті ішінара қайтарды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
19 сәуір 2021 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031