Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбегіне қарай өнбегі...

Еңбегіне қарай өнбегі...

«Еңбегі көптің өнбегі көп» демекші қазір өңірде еңбекке етене жақын араласып, өзгеге қол жаймай табысын ауылдан ұзамай тауып отырған жастарымыз жетерлік. Абай атамыз айтқан «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», деген қанатты сөздің астарында түсіне білген адамға біраз мағына жатыр. Осы орайда, маңдай тер, адал еңбегімен несібесін тауып жүрген жастарымызды үлгі еткенді жөн санадық.

Статистикаға сүйенсек, ауданда 14 пен 29 жас аралығында – 20 846 жас бар. Жұмыссыз жүрген жастар саны 3,7 процентті көрсетіп тұр. Жалпы, аудан халқының 25 процентін жастар құрайды. Соның ішінде «ИЕЕТ» санатына жататын жастар саны – 63.
Иә, қазір, тепсе темір үзетін жігіттердің құр сенделіп жүргендері көп. Істейтін жұмыс жоқ, ал табылған жұмысқа жалақысы төмен деп көпшілігі мойын бұра бермейді. Азды қанағат тұтпасаң, көптен құр қаласың демекші жас­тармыз болашағы бар мамандықтардың берген жалақысын аз сынып, болашақтарына балта шауып жүрген жоқ па? Алты ай қыста қалың ұйқыға кеткен аюдың да оянатын уақыты келді. Ал, бұл мезгіл құрылыстың қарқын алатын уақыты. Бүгінде қоғамда жас­тар үшін жеке жұмыс істеп болсын нан тауып, келешегін қалыптастырып алуға мүмкіндігі мол. Елімізде карантиндік режим орнағалы, көрші өзбек ағайындардан құрылысшылардың да келуі сиреді. Керісінше үй салып, қорасын жөндеуді қолға алушылардың қатары қалың. Міне, осындай мүмкіндікті пайдаланып, қазақ жастары құрылыс жұмыстарын істеуді қолға алса оның несі айып? Мәселен, қазір бір үйдің ірге тасын 4 адам 600-700 мың теңгеге құяды. Осының өзінен құрылысшылардың табысы қанша екенін жобалай беруге болады.
Еңбекші ауылының тұрғыны Мейірбек Нұрланұлы сынды жас кәсіпкер көктем келе сайманын дайындап, кірпіш құюға кіріседі. «Былтыр 35-40 мың шлакаблок кірпіш құйған болатынбыз. Биыл 45-50 мыңға жуық кірпіш құю жос­парымыз да бар. Жалпы, өткен жылы кірпіш бағасы – 140 теңге болса, биылғы баға – 150 теңге болады. Қазіргі кезде 1 қап цементтің орташа бағасы – 1300 теңге. Ал, бір көлік «отцептің» бағасы – 50-55 мың теңге көлемінде сатып аламыз. Бір көлік отцептен 1700-1800-ге жуық кірпіш шығарамыз», – дейді кәсіпкер. Сонымен қатар, кейіпкеріміз ауылдан бір адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
P.S. Дегенмен, еңбектің наны тәтті екенін түсіне білген адам жай жатпасы анық. Екі қолға бір күрек алып, бір істің бастамасын бастаудан қорқатын кей жастармыз ертеңгі күні далада қалып қоймасына кім кепіл?! Ата-ананың қолына қарап, дастарқанға не қойылса соны жеп, күн батса көше кезіп кететін жастарымыз да баршылық. Мұндай ұрпақтың соңы ұрлық пен қарлыққа апарып соғары анық. Сол үшін «талап еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой» деген Абай атамыздың саралы сөзін сараптап үйренейік ағайын.

Дархан Байтілес
13 сәуір 2021 ж. 1 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930