Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САМҰРЫҚТЫ БІЗ АЛЫП ҚҰС ДЕП ЖҮРМІЗ ҒОЙ?!

САМҰРЫҚТЫ БІЗ АЛЫП ҚҰС ДЕП ЖҮРМІЗ ҒОЙ?!


Самұрық парсы тілінде симорғ яғни 30 құс деген сөзден шыққан екен!
Аңыз бойынша, миллиондаған құс бір мақсатқа жету үшін ұшып шығады. Шаршап-шалдығып көбісі қап қояды да, тек 30 құс төзімділік танытып, оза ұшады. Самұрық – ұжым боп, біртұтас боп жеңіске жету мағынасын білдіретін аңыз екен.
Ал, біздің көшпенділерде ұжымдасу қатты бағаланбайды. Бізде индивидуализм мақталады ғой. Мысалға, номадтарда керемет әнші жетеді. Бірақ хор жоқ. Керемет күйші көп, бірақ оркест жоқ. Боксқа мықтымыз, футболдан нашар дегендей.
Сондықтан Парсының 30 құстан құралған Самұрығы, бізде 1 алып құсқа айналып кетті ме екен?!
Айтпақшы, Самұрық яғни 30 құсты бастаушы «هدهد» – көкек екен. Иә, нашар құс. Жұмыртқасын өзі баспайды, біреудің ұясына туып кетеді. Тағы да басқа жағымсыз қасиеттері жетеді. Бірақ, анау көкектің жол-тапқыштығы сұмдық!
Парсы аңызы дәл осы тұсты былай тарқатады:
Үлкен жорыққа шыққалы тұрсыңдар. 2 бастаушының бірін таңдау керек!
Біреуі – ақ еділ, адал, мейірімді. Бірақ стратегияға мүлдем жоқ.
Екіншісі – арам, сұмпайы, парақор. Алайда стратегия құруда шебер. Қайсысымен жорыққа барасың?
Әлбетте, соңғысын таңдау керек. Әуелгісі жақсы адам болса жақсы адам шығар? Бірақ соғыста оның адалдығы, тақуалығынан пайда жоқ!
Стратегті таңдайсың, сол жеңіске жеткізеді! Ал оның арамдығы, парақорлығы ол өзінің жеке бас кемшілігі. Онысы үшін Құдайға өзі жауап береді.
30 құс мақсатқа жету үшін, жол тапқыш Көкекті сол үшін басшы етіпті! Мұратына жетіпті!

Дайындаған
Рамазан Бектұрғанұлы
12 сәуір 2021 ж. 2 662 0