Өңір экономикасында өрлеу бар
Аптаның бейсенбісінде аудан әкімі Қамбарбек Мүбәраков облыс әкімдігіндегі өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында брифинг өткізді. Брифингке бірқатар БАҚ өкілдері қатысып, ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстар легімен танысып, спикерге өңірімізге қатысты толғандырып жүрген сауалдарын жолдады. Былтыр жер жаһанды жайлаған індет Қазақстанның ғана емес, жалпы әлемдік экономиканың құлдырауына себебін тигізді. Елімізде жарияланған карантиндік шектеулердің орын алуына байланысты кәсіпкерлік саласы тұншығып, егін, мал шаруашылықтары еркін жұмыс істей алмады. Дейтұрғанмен, осындай қиын сәтте, Сыр елінің халқы, диқандары мен шаруалары, кәсіпкерлер карантин ережелерін сақтай отырып, тығырықтан шығар жол тауып, аймақтық әлеуметтің экономикасын өз дәрежесінде сақтап қалуға өз үлестерін қосты. Қамбарбек Амангелдіұлының есебінен былтыр ауданымызда тындырымды істердің жүзеге асқанын байқадық. Сондай-ақ, сиыр жылына жоспарлаған іс-шара, жоспарымен таныс болдық.
8 ЕЛДІ МЕКЕН КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛАДЫ
Биыл аудандағы сегіз елді мекенге газ тартылады. Оған 3 млрд теңгеге жуық қаржы қаралған. Қазіргі таңда Шиелі кентіндегі 6351 тұрғын үйге, 190 мекеме газға қосылған. Жеке тұрғындардың есебінен Ы.Жақаев және Бидайкөл елді мекендерінде газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Қос ауылда 760 үйге газ кіргізілген. Өткен жылдың соңында Байсын елді мекеніне де көгілдір отын берілді. Қазіргі таңда ауылдағы 140 үй газды пайдаланып отыр.

– Ауданға қарасты ауылдарды көгілдір отынмен қамту жұмыстарын кезең-кезіңмен жалғастырып жатырмыз. Н.Бекежанов ауылын газдандыруға өткен жылдың желтоқсан айында 100 млн теңге қаражат бөлініп газдандыру жұмыстары бастау алса, бүгінгі таңда осы жобаға қосымша 327 млн теңге қаржы бөлінді, үстіміздегі жылы ауылды толық газға қосатын боламыз. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қодаманов ауылын газдандыруға республикалық бюджеттен 557 млн теңге қаражат бөлінді. Қазір мердігер мекеме анықталуда. Жақын арада ауылға газ құбырларын жүргізу басталады, – деді аудан әкімі Қамбарбек Мүбараков.
Ақмая, Алғабас, Бестам, Ақтоған, Жиделіарық, Еңбекші елді мекендерін газдандыруға жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Ал Алмалы және Ә.Тәжібаев елді мекендерін газдандыруға жоба сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы күтілуде. Қалған ауылдарға газ тартуға қатысты құжаттарына қаржы қарастырылып, жұмыс жасалуда.
85 ПРОЦЕНТІ ЖОЛ АСФАЛЬТТАЛҒАН
Шиелі кентіндегі жолдың 85 проценті, елді мекендер жолының 60 проценті асфальтталған. Биыл кенттегі 21 көше және елді мекендердегі 30 көше жөнделеді. Жалпы аудандық маңыздағы 145,4 шақырым автомобиль жолының 83,5 проценті жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Биыл «Шиелі – Қарғалы – Байкенже – Жаңақорған» аралығындағы 3,8 шақырым автомобиль жолын жөндеуге 136,6 млн теңге қаржы қаралған. Ал Телікөл ауылдық округі аумағындағы апаттық жағдайда тұрған көпірді жөндеуге жоба-сметалық құжат әзірленуде.

– Өткен жылы Майлытоғай және Жиделіарық ауылының автомобиль жолдарын қайта жаңғырту мақсатында қаржы бөлініп, асфальтталды. Бұған қоса, «Самара – Шымкент – Жөлек» автомобиль жолы бойындағы көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді Қамбарбек Амангелдіұлы.
Сондай-ақ, өткен жылы аудан орталығындағы көшелер жарықтандырылып, автокөлік жолдары орташа жөндеуден өтті. Тоғыз көшеге жаяу жүргінші жолы салынды.
ҚҰРЫЛЫСТА ҚАРҚЫН БАР
Аудан бойынша өткен жылы 52691 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан орталығынан үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй салынды. Оған облыстық бюджеттен 213,1 млн теңге қаржы бөлінген. Барлық пәтердің кілті аудан тұрғындарына табысталды.

– Ауданда тұрғын үй кезегінде 1241 адам тұр. Бұл мәселені шешу мақсатында жұмыс биылда жалғасын табады. Қазір кенттегі «Береке» шағын ауданында 3 бөлмелі бір пәтерлі 25 тұрғын үй салынып жатыр. Өткен жылы құрылысына 233,8 млн теңге бөлінген. Биыл 124,1 млн теңге қаралды. Көпқабатты тұрғын үй салу жұмысын жалғастырамыз. Мәселен, кенттегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден өткен жылы 195 млн теңге қаралса, биыл 524,2 млн теңге бөлінеді. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін толығымен аяқталады, – деді аудан әкімі Қамбарбек Мүбараков.
Аудан тұрғындарына жеке баспана салу мақсатында «Шұғыла» №2, №3 және «Шығыс» №4 мөлтек аудандарының инженерлік-инфрақұрылымына 145,8 млн теңге қаржы қаралған. Бүгінде 15 шақырым жолға тас жол төселді.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ЭКСПОРТТА
Өткен жылы 120 тонна күріш, 850 тонна қарбыз, 1005 тонна қауын және 351 тонна қызанақ дақылын Ресей және Қырғызстан елдеріне экспорттады. Жалпы ауданда 13 жылыжай бар. Былтыр қызанақ пен қиярдан 550 тонна өнім жинаған. Биыл Шиеліде 30 246 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылы егіледі. Негізгі дақыл күріштің үлесі 12 037 гектар. Жалпы егіс көлемінің 38,8 процентін құрап отыр. Дәнді дақылдар үлесін 2379-ға, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын 5157 гектарға ұлғайту көзделуде. Сондай-ақ, 70 гектарға соя дақылы егілетін болады.

– Өткен жылы аудан бойынша 29 461 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын еккенбіз. Диқандар 14 353 гектардан 59,9 центнерден өнім алып, қамбаға 85 940 тонна астық жинады. Бұған қоса, 1183 гектар картоптан 29575 тонна, 1537 гектар көкөністен 46110 тонна және 2123 гектар бақша дақылдарынан 63690 тонна өнім алды. Биыл да мол өнім жинаймыз деген ниеттеміз, - деді аудан әкімі Қамбарбек Мүбараков.
КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚАН ЖҮРДІ
– Бүгінде ауданда кәсіпкерлердің саны артып келеді. Былтыр 5241 шағын және орта бизнес өкілі тіркелсе, ал жыл басынан бері 5274-ке жетті. Биыл екі айдың ішінде 80 азаматқа кәсіптерін бастау үшін 46,6 млн теңге грант қаражаты берілді. Мұнан өзге, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында проценттік мөлшерлемесін субсидиялау бағыты бойынша 6 жоба қаржыландырылды. Аталған бағдарлама аясында инновациялық жаңа идеяларды қолдау мақсатында 4 жобаға 10 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріліп, 12 адам еңбекке тартылды, – деді Қамбарбек Амангелдіұлы.

Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 11 жоба қаржыландырылды. Ауданда жыл басынан бері капиталға салынған инвестицияның көлемі 1 млрд 150 млн теңгені құрайды.
Е.Айтөреұлы