Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандыда дөңгелек шығаратын зауыт салынады

Қарағандыда дөңгелек шығаратын зауыт салынады

Қарағандыда ресейлік компанияның қатысуымен дөңгелектер шығаратын зауыттың құрылысы басталады. Бұл жайында аймақ басшысы журналистермен онлайн кездесуде мәлімдеді.

2021 жылы аймаққа 715 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту көзделуде. 14 жаңа өндіріс орталығы ашылады. Бұл 2 мыңнан астам адамның жұмыспен қамтылуына мүмкіндік береді.
Аймақтың экономикалық жағдайы негізінен тұрақты. Экономиканың негізгі салалары тұрақты жұмыс істеп тұр. Бірнеше маңызды жоба басталды. Келесі аптада ресейлік «Татнефть» компаниясының қатысуымен дөңгелектер шығаратын зауыттың құрылысы басталады, - дейді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.Аймақ басшысының айтуынша, өңірде инвесторларға тартымды жағдай жасалған, инвестиция тартуға көптеген ресурс бағытталған.
Жыл соңына дейін біз кем дегенде 715 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз, оның ішінде 80 пайыздан астамы жеке инвестициялар. 282,2 млрд теңгеге 14 жаңа өндірістің ашылуын күтудеміз. Оларда тағы 2 600 адам жұмыспен қамтылатын болады, - деді әкім.Сондай-ақ биыл көктемде Жәйремдегі байыту фабрикасы, ферроқорытпа зауыты және «Қазкарбон» агломерациялық зауыты және автобус өндірісінің шағын құрастыру қондырғысы іске қосылады. 
Саран қаласында бұрынғы РТИ зауыты аумағында жаңа индустриялық аймақ құрылды. 
Желтоқсан айында қытайлық Yutong компаниясының қатысуымен автобустар мен арнайы техниканың өндірісі ашылды. Ендігі кезекті өндіріс орнының екінші кезеңінің іске қосылуы жоспарлануда.

baq.kz
01 сәуір 2021 ж. 409 0