Ізгі істегі әскери қызметшілер

- Осындай қарапайым іс жасап, бір бірімізге көмек көрсетіп, ықыласқа бөленгенге не жетсін... Қайырымды іс жасап, көпшіліктің ризашылығы мен батасын алуға әрбір Қазақ халқының тұрғындарының күші жетеді деген ойдамын, - дейді әскери бөлімнің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастырушысы, азаматтық персонал Алтын Ізмағамбетова.
Игі шара соңында Қызылорда қаласындағы тазалық қызметкерлері көмек қолын созған әскери қызметшілерге өз алғыстарын білдіріп, елді қорғау саласындағы істеріне сәттілік тіледі.
Жыл сайын әскери қызметшілер ізгіліктің анық көрінісі болып қайрымдылық шараларын ұйымдастырады. Әскери бөлім қызметшілерінің тарапынан болатын көмектер тек қана белгілі бір күндерге емес, жылдың барлық уақытында қажеттілігіне қарай көрсетіліп келеді.
Аталған іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант Мұхит Қонаров
сержант Мұхит Қонаров