Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскердегі көрісу күні

Әскердегі көрісу күні

Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде наурыз мейрамы қарсаңында жеке құрам бір-бірін Көрісу күнімен құттықтады.
Аталған іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді. Көрісу күні - көптен күткен Наурыз мейрамын тойлаудың бастамасы. Ежелден бері Қазақстан халқы жаңа жыл 14 наурызда басталады деп есептеген. Таң атысымен әскери бөлімге келген әскери қызметшілер салт бойынша бір-бірімен сәлемдесіп, төс қағысып жылы тілектерін білдірді. Ескі реніштерін ұмытып, татуласуға тырысты. Көрісу күні соңғы жылдары еліміздің барлық аумағында аталып келеді. Бұл күні ашулар кешіріліп, жанжалдар ұмытылады.
- Көрісу күнінің ең бастысы және маңыздысы: ата-баба дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеу, оларды сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу. Достық пен сүйіспеншілікті бейнелейтін мереке - көктемгі күн мен түннің теңелуін ғана емес, сонымен қатар табиғаттың жаңаруының жарқын бейнесін көрсетеді, - дейді әскери бөлім командиірінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Арслан Әбиев.
Қазақ әскерінің әскери қызметшілері - өз жерінің ұландары және барлық азаматтар сияқты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың жанашырлары.
Қызылорда гарнизоны бөлімдерінде Наурыз мейрамы қарсаңындағы салт-дәстүрге сай өтетін мерекелер жыл сайын қарқын алып келеді.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант Мұхит Қонаров
15 наурыз 2021 ж. 594 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031