Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөлімде алғашқы мемлекеттік және құқықтық дайындық сабағы өтті

Бөлімде алғашқы мемлекеттік және құқықтық дайындық сабағы өтті

Қызылорда гарнизонына қарасты әскери бөлімде жаңа оқу жылы қарсаңында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, алғашқы мемлекеттік және құқықтық дайындық сабақтары өтті.

Дәстүр бойынша әскери қызметшілер үшін жаңа оқу жылы мемлекеттік және құқықтық дайындық сабағынан басталады. Аталған сабақты бөлімнің командирлері өткізеді. «Ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жоғары жауынгерлік әзірлікті қолдау туралы Қарулы Күштердің 2020-2021 оқу жылына арналған міндеттері» тақырыбындағы алғашқы сабақты бөлім командирі подполковник Ербол Әбдірайым өзі жүргізіп, 2020 жылды қорытындылап, жеке құрамға алдағы 2021 жаңа оқу жылына бірқатар міндеттер қойды.
«Қарулы Күштерде «Ұлы дала әскері – Тәуелсіздік тірегі» ұранымен өтетін алдағы жаңа оқу жылына жоспарланған жауынгерлік дайындық жаттығулары көп. Бірқатар түрлі жедел-тактикалық оқу-жаттығулар, әскердегі дәстүрлі Халықаралық ойындар сияқты іс-шараларға тең дәрежеде қатысуымыз керек. Өткен оқу жылында жеткен жетістіктерді сақтап қалуымыз да басты назарда болғаны жөн», - деп әскери бөлім командирі, подполковник Ербол Әбдірайым бөлім басшылығына тапсырмалар берді.
Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінің әскери қызметшілері келесі жылы әскери қызметтердің сапалы жауынгерлік дайындығын және әскери тәртіпті сақтауға дайын.


Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант Мұхит Қонаров







03 желтоқсан 2020 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930