Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдерге арналған шығармалар

Жасөспірімдерге арналған шығармалар

Жасөспірімдерге арналған кітаптар жеткіншектердің болашақта үздік оқырман қатарында болуына оң әсер етуі керек. Бұл кітаптар жасөспірімнің мінезін қалыптастырып, ақ пен қараны ажыратуға сеп болады. Екінші жағынан, қиялын ұштап, ой галактикасына шарлауды үйретеді. Өкінішке орай, 12-16 жастағы адамға мектеп бағдарламасымен байланысты кітаптар қызықтырмайды. Олар тез есейіп, өскісі келгендіктен шытырман оқиғаға, махаббат тақырыбына арналған шығармаларды оқығысы келеді.

Біз ұсынған тізімде жасөспірімдердің көпшілігіне ұнайтын кітаптарды кездестіруге болады. Фантастика стилінде «Перси Джексон», «Лабиринтте жүгіргендер», драмалық оқиғалармен жазылған «Ымырт» (Twilight) не «Іріктеу» (The Selection) шығармалары секілді. Рэй Брэдбери, Антуан де-Сент Экзюпери сынды классикалық әдебиет өкілдерін және Оралхан Бөкей секілді қазақ қаламгерлерін де көресіз.

Психология жанрында «Момын болған да жақсы» (The Perks of Being a Wallflower, Стивен Чбоски) романы жасөспірімді күйзеліспен күреске, жаңа орта, мектепке үйренуге дайындайды. Роман желісімен фильм де түсірілген.

Рэй Брэдберидің «Бақбақ шарабы» туындысы қысы-жазы жап-жасыл боп тұратын Гринтаун қалашығының тұрғыны Дугластың басынан өткені жайлы. Ол өмір сүретін әлемде орылған шөп пен піскен жеміс-жидектің исі шығады, ал алғашқы махаббаты мәңгілікке жалғасады. Неге бұлай болды екен?

Әлемдік классикадағы «Мартин Иденнің» (Джек Лондон) кез келген ұл-қызға берер өнегесі көп. Адамзат біреудің қателігін көріп өседі емес пе? Бұл шығарма оларды өмір дайындаған бұралаң жолдарда көмектеседі.

Корнелия Функенің «Сиялы жүрек» шығармасы жас оқырманды еріксіз қиял әлеміне алып кетеді. Оқу сиқырын сезінуді үйретеді. «Хәрри Поттер», «Сақиналар әміршісі», «Біртүрлі балалар үйі», «Нарния тарихы» сынды қиял-ғажайып туындылар өте көп.

Детектив жанрында Эдгар Аллан Поның «Морг көшесіндегі өлім», Артур Конан Дойлдың «Шерлок Холмс» шығармалары жасөспірімнің тыңшылық қабілетін арттырып, құпия мен сырды ашуға, дедукциясын қалыптастыруға әсер етеді.

Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» туындысы жас оқырманды ескі жылға апарып, күлкіге қарық қылады, ал Оралханның орамды тілі сұлулықты көре білуге үйретеді. А. Елгезектің «Болмаған балалық шақ» туындысы жүрекке ауыр болғанымен, айтары, ұғындырары көп еңбек.

Массагет редакциясы кітап іздеген жас оқырманға мына тізімді ұсынады. 

* Жюль Верн.«Капитан Гранттың балалары»
* Джек Лондон. «Ақ азу»
* Шерхан Мұртаза. «Ай мен Айша»
* Генри Хаггард. «Сүлеймен патшаның кеніші», «Маргарет ару»
* Жюль Верн. «Он бес жасар капитан»
* Мұхтар Мағауин. «Көкбалақ»
* Төлен Әбдік. «Тозақ оттары жымыңдайды»
* Маркус Зусак. «Кітап ұрлаушы»
* Сайын Мұратбеков. «Жабайы алма»

12-16 жастағы оқырмандарға қандай қызық шығарманы оқуға кеңес бересіз? Пікірде қалдырыңыз.

19 наурыз 2021 ж. 676 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930