Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шуақ төгілген күн

Шуақ төгілген күн


14 наурыз көрісу мерекесіне орай аудандық орталық кітапхана «Шуақ күні» атты іс-шара өтті.
Шара көрісу, алас жоралғылармен басталды. Көріскен қонақтар дастарханға отырып дәмнен ауыз тиді. Мұнан соң он саусағынан өнер тамған Ғазиз Шералиев пен Жансерік Ақжол Аққу, Адай, Домбыра, т.б күй орындап жарысты. Әнші-термеші Сәрсенбек Баймағамбет, дәстүрлі әнші Ізбасхан Дәулетханұлы, Тайжан атындағы үйірме жетекшісі Нұрберген Оспанов, дәстүрлі термеші Ізбасқан Дәулетханұлыдан қонақ кәде сұралды. «Жанарсызда жарық әлем» клубының мүшелері Нұрлан Әлімбетов, Нұрлан Әбжапбаров, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нәйлә Палымбет, Ы.Жақаев күріш өсіру музейінің директоры Құттықыз Ыханова кеш қонағы болды. «Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Өткенге өкпе артпай, жаңа күнді қуанышпен қарсы алады. Наурыз біздің Жаңа жылымыз. Бір жас қосуларыңызбен» деп Нәйла Палымбет барлығын құттықтады. Шара соңында Г.Жақыпова шараға атсалысқан оқушыларды, күйші термешілерді марапаттады.

Ақбота БАЯНБАЙ
16 наурыз 2021 ж. 744 0