Ақтөбеде полицейлерге вакцина салу басталды
Ақтөбеде полиция қызметкерлері де коронавирусқа қарсы екпе ала бастады. Олардың арасында қатардағы қызметкерлерден өзге түрлі бөлімдердің басшылары мен облыс орталығындағы қауіпсіздік пен тәртіпке жауапты басқарманың жетекшілік құрамы да бар. Күніне 10-нан астам сақшы вакцина алып жатыр. Ережеге сәйкес, екпе салдырған адам кейін жарты сағат бойы дәрігердің бақылауында болады. Ал екінші компоненті бірнеше аптадан кейін салынады. Шамамен осы айда 200-ге жуық тәртіп сақшысын қамту көзделіп отыр. Полиция қызметкерлерінен өзге қазір өз еркімен екпе алғысы келетін мұғалімдердің де қатары жиілеген. Нұрлан Оразалин, қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары: - Полиция қызметкерлері өзінің тума-туыстарын, ата-аналарын және қызметтестерін қызметте және көптеген азаматтармен кездеседі. Тағы да айтатыным сол азаматтардың қауіпсіздігі полиция үшін маңызды деп ойлаймын. Сол үшін екпе алып жатыр. Екпе ерікті түрде алынуда. Кезең-кезеңімен, қазір тізімдері жасалынуда келетін адамдардың. Қанша вакцина бар сонша тізімге сәйкес қызметкер келіп алады.