Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ВАКЦИНА – КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

ВАКЦИНА – КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ


СOVID-19 коронавирус адам ағзасына жұғып, асқыну қаупін тудыратын, ауа арқылы тез тарайтын вирусты ауру. Бұл вирус – 65 жастан асқан адамдарға, 5 жастағы балаларға, жүкті әйелдерге, иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп тигізуі ықтимал. Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмониямен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін.
Кей жағдайда вирус өлімге әкеледі. Дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, яғни дене қызуының көтерілуі, жоғары температура, құрғақ қатты жөтел, бастың ауыруы, кеуде тұсының ауырсынуы, ентікпе, тыныс алуының бұзылуы, жүрек қағысының жиілеуі, пневмония, мұрынның бітуінде бірден дабыл қағып, медициналық мекемеге хабар беруіңізге кеңес береді. Коронавирус ауруы респираторлы жолмен жұғады. СOVID-19 инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыссаңыз, ауру жұқтыруыңыз мүмкін. Ал вирусты өлтіру және адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдана отырып, 1,5 метр ара қашықта жүру маңызды. Әрбір адам өз денсаулығына жауапты болып, бетперде киюді, қолыңызды жиі дезинфекциялауды, үйге қонақтардың келуін шектеуі қажет. Қазіргі уақытта коронавирустан эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз болып тұрғаны баршаға мәлім. Дегенмен де кезінде қандай инфекциялық вирусты аурулар тіркелгенде жаппай егу шаралары жүргізіліп, тұрақтандырылған. Кейбір инфекциялық аурулар қазір сол вакцинаның арқасында тіркелмейді де. Сондықтан қазіргі өршіп тұрған вирусты аурудың алдын алу және адам өмірін сақтап қалудың тиімді әдісі вакциналау екенін бәріміз білеміз. Қазіргі таңда ауданның 7399 тұрғыны екпе егуге жоспарланып отыр. Вакциналау 973 медицина қызметкерлеріне, 3460 мұғалімдерге, 2210 балабақша қызметкерлеріне, 632 студенттерге, 44 реабилитация қызметкерлеріне, 64 әкімгершілік қызметкерлеріне, 16 санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқарма қызметкерлеріне жасалатын болады. Вакцина қабылдау отбасыңыздағы үлкен кісілерге вирустың тасымалданып жұғуынан сақтап, өзіңізде, отбасыңызда және ұжымда иммунитет қалыптастырып, жұқпалы аурудың таралуын тоқтатады. Сондықтан қазіргі індеттің қауіпті уақытын ескере отырып, аудан тұрғындарын вакцина салдыруға шақырамын!

М.Сүйіндікова,
Шиелі аудандық СЭББ эпид қадағалау бөлімінің басшысы
23 ақпан 2021 ж. 668 0