Коронавирус инфекциясының алдын алу және карантин шараларын сақтау туралы
Бүгінгі таңда ауданда коронавирус инфекциясының 302 жағдайы тіркеліп, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіші 365,7 құрады , осы қазан айында 2 жағдай, 1 науқас симптомды түрімен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатса, 2 –ші науқас симптомсыз түрімен ауырып, амбулаторлы ем қабылдауда.
Коронавирус пандемиясына байланысты түрлі болжам айтылады. Көптеген сарапшы коронавирустың екінші толқыны болатынын айтып, дабыл қақты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарына сенсек, COVID-19-дың екінші толқыны болатыны сөзсіз.
Коронавирус пандемиясына байланысты түрлі болжам айтылады. Көптеген сарапшы коронавирустың екінші толқыны болатынын айтып, дабыл қақты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарына сенсек, COVID-19-дың екінші толқыны болатыны сөзсіз.
Екінші толқын қашан басталады деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Қазан айынан бастап респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау тіркеле бастады. Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді:
– дене қызуының көтерілуі, жоғары тепмература, құрғақ қатты жөтел, бастың ауруы, кеуде тұсының ауруы, ентікпе және тыныс алудың бұзылуы, жүрек қағысының жиілеуі, пневмония, безгек, мұрынның бітуі, фарингит, диарея. Осындай симптомдарды байқасаңыз, 103 нөміріне хабарласып, бірден медициналық мекемеге хабар беріңіз. Әсіресе, вирус тараған елдерден сапарлап келген болсаңыз, міндетті түрде тексерілген жөн.
Коронавирус инфекциясынан қорғанудың қарапайым әдісі:
– әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз;
– маска киіңіз;
– бөлмелерді жиі желдетіңіз;
– адам көп жиналатын жерлерге бармаңыз;
– қолыңызды сабынмен жуыңыз және жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрын мен ауызды шынтақпен немесе майлықпен жабыңыз;
Коронавирус респираторлық жолмен жұғады.
Covid-2019 инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыссаңыз, қауіпті дертке шалдығуыңыз әбден мүмкін. Инфекция ауру жұқтырған адамнан келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы беріледі. Бұл тамшылар заттардың бетіне, есік тұтқасына түседі. Ол заттарды ұстаған адам қолын жумастан көзіне, мұрнына немесе аузына тигізсе, ауруды жұқтырады. Сондықтан коронавирусқа шалдыққан адамнан 1 метрден аса қашықтықта жүру маңызды. Қазіргі уақытта ғалымдар вирустың заттардың бетінде қанша уақыт тіршілік ететінін анықтауда. Вирус бір сағаттан бірнеше күнге дейін өміршеңдігін сақтай алады деген болжам бар. Сондықтан вирусты өлтіру және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдануға болады.
Әр адам өз денсаулығына мән беріп, денсаулығын күту мәдениетін қалыптастыруға назар аударғаны жөн. Себебі адам капиталының – сапасы мен саны оның денсаулығына тікелей байланысты. Қазіргі уақытта ақпарат алу жеделдеп, мағлұмат алудың түрлері молайған кезде бар мүмкіндіктерді пайдаланып, аурудың алдын алып сақтануға жағдайлар жасалған.
Халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсымыз жадымыздан шығармай биік ұстағанымыз жөн.
Аудан бойынша соңғы күндері коронавирус індеті мен пневмониямен ауырып жатқан азаматтардың санының төмендеуі байқалады. Аурушаңдық жағдайы төмендегенімен босансуға болмайды, шектеу талаптары қатаң сақталуы қажет. Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап әкімдік, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, полиция басқармалары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен құрылған 3 мобильдік мониторингтік топ жасақталды. Аудан көлемінде карантин режим талаптарының сақталуын бақылау мақсатында құрылған мобильдік топтың мүшелері күнделікті рейд жұмыстарын жүргізуде. Ауданда отбасылық, ұжымдық іс-шаралар (банкеттер, үйлену, мерей тойлар және т.б) өткізуге тыйым салынғанымен әлі де болса тоқтамай өткізілуде. Мобильдік топпен күнделікті қадағалау, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік шаралар көрілуде.
Г.Айтекеева,
Шиелі аудандық ТКҚСБ
басқарма басшысы
Шиелі аудандық ТКҚСБ
басқарма басшысы