Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйқы қанбаудың жаңа қаупі анықталды

Ұйқы қанбаудың жаңа қаупі анықталды

АҚШ-тағы Йель университетінің ғалымдары жасөспірімдердің ұйқысы қанбаса, алкаголге тәуелді болып кетуі мүмкін екенін анықтады. Бұл туралы MedicalXpress порталында жазылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Зерттеуге өткен бір ай бойы спиртті ішімдік ішкен 42 жас жігіт қатысты. Оларға бір апта бойы өздерінің ұйқысын және ішетін алкоголь мөлшерін қадағалау тапсырылды. Осы уақытта ағзадағы тәуліктік ритмді бақылау мақсатында ұйқы мен белсенділік мониторингі пайдаланылды.
Сөйтсе, алкогольді жиі ішпегендер аз ұйықтаса да, ерте тұрып, сергек жүруге бейім болыпты. Ал, спиртті ішімдікті көп ішкендер кеш ұйықтап, кеш тұрған.
2017 жылдың көктемінде Journal of the American Heart Association басылымында америкалық басқа мамандардың да мақаласы шықты. Онда адамның ұйқысы жиі қанбаса, инсульттен, жүрек-қан тамыр ауруларынан және қант диабетінен ерте өліп кетуі мүмкін екендігі анықталған.
19 ақпан 2021 ж. 262 0