Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өскеменді қар басып қалды

Өскеменді қар басып қалды

Өткен түннен бері өңірге 30 сантиметрге жуық ақ ұлпа түскен, деп хабарлайды «Хабар 24». Осының кесірінен қалада қозғалыс қиындады. Қоғамдық көліктер кестеден шығып, тұрғындар жұмысқа кешігуге мәжбүр болған. Жеке көліктердің көбі орнынан қозғала алмай сол жерде әлі батып жатыр. Тіпті кейбір шеткі шағын аудандарда жол мүлде жоқ. Ал қарды шығаруға тек қаланың коммуналдық мекемесінен 90-ға жуық техника мен 150-ден аса жұмысшы жұмылдырылған. Сонымен қатар ауа райын қолайсыздығынан бірқатар бағыттағы республикалық автокөлік жолдары әлі жабық тұр. Жалпы, қыс түскелі Өскеменнен 50 мың текше метр қар шығарылған. Тимур Екібасов, қалалық коммуналдық мекеме жетекшісі: - Кеше кешкі тоғыз жарымда басталды. Міне, қазір түс уақыты, қар әлі жауып тұр. 12 сағаттан астам қар тоқтамай жауып тұр. Бізде екі бригада бар. Тәулік бойы жұмысшылар істеп жатыр.

www.24.kz
04 ақпан 2021 ж. 351 0