Сириядан бір топ қазақстандық азамат елге оралды
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып АҚШ және өзге де халықаралық серіктестердің қолдауымен Сириядан бір топ қазақстандық азаматтарды елге қайтару операциясын өткізді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 бала болды. Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, - делінген хабарламада.
Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялаған террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан аймақтардан азаматтарымызды қайтару операциясы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған «Жусан» операциясының жалғасы болды.
BAQ.KZ
BAQ.KZ