Білімді басшы – білікті маман
Ізгілікке ұмтылған әрбір тұлға түптің түбінде арманына қол жеткізеді. Оған мысал, білім жолында биікке көтерілген адамдар. Міне, сондай асыл жандардың бірі ұлағатты ұстаз Гүлзира Жаңабаева. Бүгін біз мәртебелі мұғалімнің ғұмырдариясынан сөз тарқатпақ ниеттеміз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындату, адамгершілік рухта бағыт-бағдар, дұрыс тәлім-тәрбие беру – ұстаздар қауымының күнделікті ісі. Бұл игілікті іс көзге бірден ұрмаса да, жылдар өте жемісін берері хақ. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деп бекер айтылмаса керек ті. Міне, осындай ұлы істе өзіндік қолтаңбасын қалдыра білген Гүлзира Есенгелдіқызы 23 жылдан аса өз шәкірттерінің жүрегіне білімге деген сарқылмас ынта-ықыласты ұялата білді. Гүлзира Жаңабаева оқытушы ұстаз, ғалым ұстаз ретінде қанат қақтырған шәкірттері қазіргі таңда өмірден өз несібесін алып, ел үшін еңбек етіп жүргендігіне куәміз. «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді, не істесе де келістіріп істейді», – деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Бұл нақыл біздің сыйлы басшымыз Гүлзира Есенгелдіқызынаайтылғандай...
Гүлзира Жаңабаева – Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде 8 қараша 1975 жылы дүниеге келген. Асқар тауы әкесі Гүлзираның 6 жасында дүние салып, бар жүк анасына қалады. Анасы аудандық емханада дәрігерлік қызмет атқарады. Гүлзира замандастарының алды болып, өнерлі, білімді өрен мектепті үздік аттестатқа бітіреді. Анасы үшін баласының қуанышын көру - үлкен мәртебе. Күш – білімде, білім – кітапта. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі осы білім де жатса керек. Жастайынан оқуға жақын өскен Гүлзира 1997 жылы Қорқыт Ата атындағы педагогикалық университетінің математика-физика факультетін тәмамдап, жоғары білімді алып шығады. 2013 жылдан бері Гүлзира Есенгелдіқызы Шиелі ауданындағы «Г.Н.Ковтунов» атындағы №252 КГУ мектеп - гимназиясының директоры қызметін бастайды. Жанұяда екі бала тәрбиелеп отырған аяулы ана. Қазіргі таңда өзінің білімділігімен, жан-жақты, ізденімпаздығымен, жаңашыл ұстаз ретінде, шәкірт бойына білім нәрін сусындатып, өлшеусіз үлес қосып келе жатқан білікті басшы.
Басшы туралы жазу, мұғалім үшін қиындау екенін білетінмін, дей тұра білікті басшының аз жылдар ішіндегі жетістіктері бір төбе екенін біреу білсе, біреу білмейді.
Мен басшымыздың жеке басының жетістіктеріне тоқталған жоқпын. Ол – өз алдына бір төбе...
Әрине, ізденімпаз ұстаздың алар асуы мен бағындырған белестері біршама. Мектеп – барлық өркениеттің ошағы десек, әрбір мектеп басшысы - өзі басқарған ұжымның шырағы. Аталған уақыт аясында Гүлзира Есенгелдіқызы өз қызметін,оқу-тәрбие процесін шеберлікпен ұштастыра білді. Тіпті апаймыз өзінің қарамағындағы қызметкерлерге кішіпейілділік танытып, адал бола білді. Сондықтан болар апайымыздың бойынанкеңпейілділікті көреміз. Тіпті жомарттығының арқасында көп адамдарға көмектесіп, ілтипаттылығын көрсетіп жүреді. Әрбір мұғалімге көңіл аударып, кез-келген қиыншылықты шешіп береді. Сондықтан болар, мектеп ұжымы апайды кеңпейіл, жомарт адам дейді. Басшыны ұжымның ақылшысы, туындаған мәселені дер кезінде шеше алатын ұйымдастырушы ретінде құрметтейді.
Гүлзира Есенгелдіқызы өз мүмкіндігін пайдалана отырып, еліме қызмет ету менің азаматтық парызым деп білемін деп саясатқа араласып, халыққа ете жақын болуды өзіне міндеттеп алған. Саясатты сараптап, бағдарлай алғандығынан боларҚазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытты. «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне өз үлесін қосып, ауданның дамуына аянбай еңбек етуде. Сондықтан болар, Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марпатталды. Басшымыз өзінің жан-жақтылығын тағы да дәлелдеп көрсетті. Аудандық мәслихат депутатығына өтіп, саяси додада дараланып, алдағы жоспарларды жүзеге асыру жолында мандатпен қоса міндетті де алды.
Иә, «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» демекші, білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы. Сондықтан, білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан апаймыз өз тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.
«Г.Н.Ковтунов» атындағы
№252 КГУ мектеп – гимназиясының
қазақ тілі бірліестігі
№252 КГУ мектеп – гимназиясының
қазақ тілі бірліестігі