Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Иінағаш туралы білесіз ба?

Иінағаш туралы білесіз ба?

"Иінағаш" атты лекция
Дайындаған Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалының меңгерушісі Төребай Өсербек Тұрсынбекұлы

Иінағаш – иыққа салып су тасуға арналған имек ағаш. Кей өңірлерде әкпіш, иық ағаш, мойын ағаш деп атаған. Ұзындығы 2-3 метрлік жуандау жас талды, қайыңды сәл иіп немесе имек өскіндерінің иыққа келетін тең ортасын жалпақ етіп, ал екі иінін жұмырлап жонады да, екі ұшына байланған 2 – 3 қарыс ұзын сымға не қайысқа шелек ілетіндей темір ілгек орнатады. Ертеректе күнделікті тұрмыста қолданылатын ең қарапайым тұрмыстық құралдардың бірі болған. Қазіргі уақытта иінағашты тұтынудың қажеті болмай қалды. Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылының тұрғыны Сейітқұлов Болатбек өзінің әжесі пайдаланған иінағашты 2019 жылы музейге әкеліп тапсырған. Бұл жәдігер музейдің қор бөлмесінде сақталуда.

Өлкетану Музейі Шиелі  ФБ парақшасынан



28 қаңтар 2021 ж. 3 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031