Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Саудагер ажарын сатады, тілемсек назарын сатады

Саудагер ажарын сатады, тілемсек назарын сатады

Қазақта түбін қазсаң ой тереңіне тартар аталы сөздер көп. Мысалы «Саудагер ажарын сатады, тілемсек назарын сатады» – деген мақал астарында қаншама мазмұнды, мәнді, мағына жатыр.
Бұл бүгінгі күнде де өз маңызын жоймаған.

Қазір не көп кəсіпші көп.­­ Өндіретін емес, алып сатарлық­пен, қызмет көрсетумен айналысатын шағын кəсіп иелері көп. Дүкен, дүңгіршек, кафе, асхана, сырахана, тойхана, шаштараз, СТО т.б бұлардың барлығы өндіруші емес, қызмет көрсетушілер. Осылардың кейбіріне бас сұқсаңыз қызмет ұсынушы жайдары күліп, қарсы алып, мақтап шығарып салады. Оған көпшілік көңілі тойып, марқайып, сол орынның саудасын жүргізеді. Бұл жоғарыдағы мақалға əбден саяды. Ал, оған керісінше əрекет сіздің ісіңізді құрдымға кетірді дей беріңіз. Нарық, бəсеке заңы осылай. Бұған мысалды мына оқиғадан бағамдай беріңіз. Бір досым бар балықшы. Су, тоған, көлшік, қыр мен сайдың бəрін біледі. Таныстарыда көп. Бəрі балықшы. Аудан орталығына келген екен. Қармақ т.б балықшыға қажет құрал-сайман сатып алмаққа. Жаңадан дүкен ашылғанын естіген. Базарға кірмей əуелі соған бас сұғыпты. Сатушы солжағымен тұрған-ау. Дөрекі. Дүңкетпе жауап. Қабағынан қар жауған кісі екен. Онысымен қоймай тілі у-дай ащы екен. «Алар затыңды алда тез шық, əрнəрсені бір ұстамай» – деп, кіжіне-тістеніп, алара қараған ғой соңында. Менде қатты ашуландым, ызам келді, сатып алар затымның сапасын сұрап, қай елдің заты екенін білгім келіп, ұстап, тексергеніме жазықты болдым. Шықтымда кете бердім дейді. Содан балықшы достарына дөрекі дүкенге барып, біраз əңгіме естігегін айтқан. Балықшылар ол дүкенге аяқ баспай қойыпты. Сауда жоқ. Өйткені алушы келмейді. Ақыры дүкен жабылып тынған. Мінекей, сатушы заты мен бірге ажарын да сатады деген осы болса керек.

Нұрболат СӘДУАҚАСҰЛЫ
26 қаңтар 2021 ж. 845 0