Неге 20 жасыма дейін мұны ешкім айтпаған?
Тина Силиг (Tina Seelig) – Стэнфорд қабырғасында қызмет ететін ұстаз. Оның сабағы университеттігі ең жиі талқылауға ұшырайды. Оның Джош атты ұлы бар және баласының 20 жылдық туған күніне орай Тина арнайы сый дайындаған болатын. Ол ұлына арнап 20 жаста білуге құмар болған сұрақтардың жауабын жазады. Кітап сол сәтте-ақ бестселлердің қатарына енеді. Әр мәселененің артында мүмкіндік тығылып жатады. Тинаны ұлына берген алғашқы кеңесіне сүйенсек: адам барлық мәселенің артынан мүмкіндікті іздей білуі тиіс. Мысалы, оның Стэнфордтағы сабағы, жұма күні бірнеше топқа бөлінген студенттерге 5 доллар салынған конверт таратады. Жексенбі күні кешке олардың белгілі бір стартап дайындап,сол арқылы ақша табуға небәрі екі сағат уақыты бар. Дүйсенбі күні студенттердің басын қосады. Ал, олардың жұмыс нәтижесін көрсетуге 3 минут уақыттары ғана бар. Қалай ойлайсыз, студенттердің санасына қандай идеялар келді? Бір топ велосипед дөңгелігін үруге арналған насос алып, сол арқылы ақша тапса, екінші топ мейрамханада орындарды алдын-ала брондап қойып, час пик уақытында оны сатады. Бірақ, 650 доллардан артық ақшаны «мейрамхана» әдісін қолданған топ табады. Студентттер ойлана келе, олардағы құнды нәрсе 5 доллар емес, көрсетілімге арналған 3 минут екендігін ұғады. Өйткені, кез келген идеяның бағасы сіз ойлағаннан әлдеқайда жоғары. Кейін олар бұл идеяға толы 3 минуттарын белгілі бір компанияға сатады. Идея сатылды, ақша қолда... Жоспарлар дымға тұрғысыз Менеджменттңі атасы ретінде танымал Питер Друкер (Peter Drucker) бір сөзінде: «Жоспарлар дымға тұрғысыз, бірақ жоспарлауға құн жетпейді»,–деген болатын. Ал ғалым Нассим Талебтің (Nassim Taleb) «қара аққу» теориясы бойынша өмірдегі бар жақсылықтар мен жамандықтар ойламаған жерден болады. Тина да жоспарлау тек қозғалыстың бағытын анықтау үшін қажет екендігіне сенімді: «Өзіңіздің соңғы саяхатыңызды еске түсіріңізші... Бәрін алдын-ала жоспарлағанмен, есте сақталған оқиғалардың барлығы кенеттен болғанымен ерекше. Мансап жолын да осылайша саяхаттың жоспары секілді жасақтаңыз. Белгілі бір нүктені орнатыңыз, бірақ жолыңызда кездескен кез келген мүмкіндікті ұстап қалуды үйреніңіз» Сізді күн сайын миллион доллар күтеді Чили Университетінің профессоры Карлос Виньоло сіз күнде далаға шығып миллион доллар таба алатыңызға сенімді. Миллион доллар, әрине, метафора. Оның айтқысы келген ойы мынау: әлем мүмкіндіктерге толы. Тек оны шап беріп ұстай алсаң болғаны. Үйден шыққан соң сіз қызықты адамдарды жолықтырасыз, бір оқиғалар орын алады. Олардың барлығы сіздің өміріңізді 0.00000001 пайызға өзгертуі мүмкін. Егер сіз әлемнен алшақтасаңыз, оған қорқынышпен, сенімсіздікпен қарасаңыз сіз миллион долларды жоғалтып алатыныңыз анық. Әлемге өзге көзқараспен.... «Art of Innovation» кітабының авторы Том Келли (Tom Kelly) кітабында адам өзге елге саяхаттаған жандай немесе өмір есігін жаңа ашқан сәбидей өмір сүруі тиіс деген болатын. Ол үшін мына әлем қызықты болуы керек. Барлық перделерді ашып, әлемді зерттеуді тоқтатпауы тиіс. Біздің өміріміз – пазл. Сіздің біліміңіз қай сәтте керек болатыны белгісіз. Өмір сонысымен ерекше. «Егер тіпті каллиграфия курсы өміріңізге керек болмаса да, бірақ, сізді белгісіз күш соған итермелеп тұрса, оқыңыз! Оның қаншалықты шындыққа айналатынына мән бермеңіз»,– дейді Тина Стив Джобстың естелігін мысалға ала отырып. Джобс колледжден шығып қалған соң міндетті пәндердің оқу курсына бара алмайды. Өмірден не қалайтынын білмейтін жас жігіт каллиграфия курсына жазылады. Кейін ол естелігінде: « Мен шрифттер туралы көп ақпарат алдым. Олардың кеңістігіндегі өлшем негіздерін меңгердім. Типографиканың ұлы өнер екенін ұқтым. Бұл меңгергенім өмірімде қажетіме жарайды деген ой болған емес. Бірақ, біз 10 жылдан соң «Macintosh» жобалау барсында Mac құрылғысын жасау барысында осы білімімді қолдандық. Егер Windows «Mac» идеясын ұрламағанда қазіргі компьютерлердің негізгі шрифті өзгеше болар ма еді?! Колледжде жүргенде қалауым мен білімімнің арасын байланыстыруды білмейтін едім. Қазір өткеніме қарап бір нәрсені ұқтым: менің жолым маған айқын болатын», – деп жазады Джобс. Идеялар неге ұқсайды? Стэнфорд университетінде қолданылатын мына әдіс ойлау жүйесін жетілдіретін анық. Студенттер «Идея неге ұқсайды?» деген сұраққа жауап беруі тиіс. Мысалы:
Идеялар_____________________________еске салады, өйткені,___________________________________. Сәйкесінше_______________________________.
• Идеялар шыны бокалды еске салады, өйткені, оларды сындырып алу оңай. Сәйкесінше, оны дұрыс қолдану керек. • Идеялар айнаны еске салады, өйткені, олар айналамыздағы бейнелерді көрсетеді. Сәйкесінше, оны бүлдіріп алудан сақ болу керек. «Кітабымның әр бөлімін «Өзіңе рұқсат ет» деп атар едім. Өзіңнің қабілетіңнің шекарасын анықтауға тырыс, оны анықтап қана қоймай ол шекарадан аса біл, тәжірибе жүргіз, сәтсіздікпен күрес, өз жолыңды, бағытыңда жаса. Мен 20,30 және 40 жасымда осыларды білгім келетін. Дәл осылай қамшылайтын адамдардың болмағанына налитынмын. Енді сен бәрін білесің! 20 жасыңда қандай белесті бағындыруға дайынсың?» – дейді Тина. Шынымен, 20 жасыңызда қандай белесті бағындырдыңыз немесе ойыңызда бар?
Massaget.kz сайты
Идеялар_____________________________еске салады, өйткені,___________________________________. Сәйкесінше_______________________________.
• Идеялар шыны бокалды еске салады, өйткені, оларды сындырып алу оңай. Сәйкесінше, оны дұрыс қолдану керек. • Идеялар айнаны еске салады, өйткені, олар айналамыздағы бейнелерді көрсетеді. Сәйкесінше, оны бүлдіріп алудан сақ болу керек. «Кітабымның әр бөлімін «Өзіңе рұқсат ет» деп атар едім. Өзіңнің қабілетіңнің шекарасын анықтауға тырыс, оны анықтап қана қоймай ол шекарадан аса біл, тәжірибе жүргіз, сәтсіздікпен күрес, өз жолыңды, бағытыңда жаса. Мен 20,30 және 40 жасымда осыларды білгім келетін. Дәл осылай қамшылайтын адамдардың болмағанына налитынмын. Енді сен бәрін білесің! 20 жасыңда қандай белесті бағындыруға дайынсың?» – дейді Тина. Шынымен, 20 жасыңызда қандай белесті бағындырдыңыз немесе ойыңызда бар?
Massaget.kz сайты