Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жасалатын тауарлардың үлесі артады 

Қазақстанда жасалатын тауарлардың үлесі артады 


Үкімет өңдеу секторындағы экспорттаушыларға қолдау көрсетуге баса мән беруі қажет. Біздің сауда саясатымызда селқостық болмауға тиіс. Елбасының халыққа арнаған Жолдауындағы осы бір маңызды сөздер жеңіл өнеркәсіппен айналысатын Түркістан облысындағы кәсіп иелеріне дем беріпті. Алайда аталған кәсіпорын өндіріс көлемін әлі де ұлғайта алмай отыр. Мәселен, тәулігіне 500-ден 900 данаға дейін костюм тігуге қауқары бар фабрикада әзірге 200-300 ғана тауар тігіледі. Оған себеп, «шетелден контрабандалық жолмен тасымалданатын тауарлар бізге зиянын тигізіп отыр», – дейді Балжан Қалмұратова. Шет мемлекеттен кіретін текстиль өнімдерінің бағасы арзан болғандықтан, нарықты жаулап алған. Ал сапасы қазақстандық өнімдерден әлдеқайда төмен. Фабрика еліміздің барлық өңірлерінде өздерінің өкілдіктерін ашқан. Қазір 15 шақты өнім түрін сатады. Балжан Қалмұратова, тігін фабрикасының директоры: – Президентіміздің Жолдауын көрдік. Кәсіпкерлерге қуанышты жаңалықтар айтылды. Қазақстанның тауарын өндірудегі еңбегіміз еленеді деп ойлаймыз. Елбасымыз қолдап жатқанда, Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі алға басады деген ойдамыз. 

www.24.kz
08 қазан 2018 ж. 1 337 0