Жеңіл өнеркәсіптің жөні бөлек
Бүгінде базарларды Қырғыз, Қытай, Өзбек, Түрік және өзге елдердің тауарлары жаулап алған. Солардың тіккен өнімдерін өзімізде де сапалы әрі арзан етіп өндіруге толық мүмкіндік бар. Тек, мақсат пен жоспар және құлшыныстың кемшін түсуі осы саланы кенжелетіп тұрған секілді.
Елбасының өзі тікелей қолдау танытып, Жолдау аясынан туындаған бағдарламалардың жүзеге асырылуын нықтап тапсырып жатқанда неге ауданымызда да аталған өнеркәсіптің өрісін кеңейтпеске? Сөйтіп, халық тұтынатын жібі түзу киім-кешек шығармасқа десек, «Шикізат тапшы, құрал-жабдық ескі, жаңа технология мен маман жетіспейді»–деп жатамыз. Бірақ, кәсіпкерлікке кең қолдау танытып отырған біздің еліміз үшін бұл тығырықтан да шығудың жолдары жетіп жатыр.
Енді аудандағы шағын тігін цехтарын шолып өтсек. Бізге ұсынылған мәліметке сүйенсек, 8 тігін ательесі бойынша 30 адам жұмыспен қамтылып отырған көрінеді. Онда да тоқыма цехы жоқ. Осы көрсетілген сегіз цехтың тәуліктік қуаттылығы әрқайсында әртүрлі. Тәулік ішінде 2-ден 15 формаға дейін дайындауға мүмкіндігі бар. ІТ және сандық технологияның мүмкіншіліктерін осы тұста да пайдалануды енгізсе, кәсіпкерлер өз кезегінде көп шығынның алдын алып, өнім көлемін ұлғайтқан болар еді. Мәселен, сандық тігін машинасы, сандық пішу машинасы мен дизайндық компьютер бірнеше маманның жұмысын бір мезетте атқара алады.
Жаңа технологияларды пайдалана отырып, сапаны арттырып, сонымен бірге ішкі өнім өндірісін еселеген әрине кәсіпкерге тиімді. Ал, әлеуеті артқан тігін цехтары сұранысты қанағаттандыра алары сөзсіз. Ол үшін бізде де кейбір қиындықтарды артта қалдыру арқылы қол жеткізу мүмкіндіктері туындайды. Атап айтқанда, сырттан келетін тауарлардың көлемін азайту, жеңіл өнеркәсіп орындарына қаржылай қолдау арқылы, техникалық қайта жарақтандыруды бастау керек. Бұл Елбасының биылғы Жолдауында нақты айтылған және жедел қолға алынуы тиіс жұмыс. Кәсібін ашамын дегендерге ұзақ мерзімді, пайызы төмен несие беріп, белгілі бір мерзімге салықтан босатса құба-құп болар еді. Екі дүние сардары атанған пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Сауданың ең жақсысы өз қолыңмен жасап сатқан нәрсең» деген болатын. Біздің қоғамға осы сүннетті жаңартып, өз туындымызды нарыққа шығаратын уақыт келген тәрізді...
Дина ЖҮСІПОВА.