Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Газ келіп, тұрғындар көңілі жайланды

Газ келіп, тұрғындар көңілі жайланды

Өңірлерді газдандыру ісі – мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларында көзделген маңызды міндеттер қатарында. Аймағымызда осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Әлеуметтік нысандар, өндіріс орындары және ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етудің ауқымы жыл өткен сайын кеңейе түсті.
Тышқан жылы табалдырығымыздан аттағалы баршамызға оңай болмағаны рас. Жылға созылған қауіпті індет әбден әуре-сарсаңға салды. Бірақ бұл вирусқа қарамастан елімізде, аймағымызда ілкімді істер өз дәрежесінде қолға алынып, жалғасын тауып жатты. Мәселенки, ауданымызда көпір бой көтеріп, бірнеше ауылдарда жөндеуді қажет ететін жолдар қалыпқа келіп, көгілдір отын да келді.
Иә, Байсын ауылына көптен күткен көгілдір отынның келуі көп бейнетті жеңілдеткені бір басқа, қыс бойы күйеден арылмайтын отбасының көзін ашып, көңілімізді де көтергенін жасыруға болмас. «Газ келді, үйге жаз келді» деген осы болар. Асылық айтудан аулақпын, қыстың қытымыр аязында арқалап отын тасып, көмір түсіру бейнетінен арылдық. Бастапқыда ауылға газ жетеді дегенге сене қоймап едік. Бірақ, басшылар сөздерінде тұрды. Олардың барлығына тұрғындардың атынан мың алғыс. Ел азаматтарының жасап жатқан еңбегінің арқасында тұрмысымыз жеңілдеді. Жақсылықтарымыз жалғасын таба берсін!

Ергешбай Бабаомарұлы,
Байсын ауылдық ардагерлер
кеңесінің төрағасы
08 қаңтар 2021 ж. 464 0