Карантин режимі әлі де сақталады
Бүгінде елімізде 23 мыңнан аса адам індеттен емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 738 пациент стационарда, 18 889 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 243 адамның жағдайы ауыр. Ал облыс бойынша 3359 адам вирусты жұқтырса, одан 3294 науқас жазылып шыққан. Өкінішке орай, 15 адам көз жұмды.
Айта кетейік, Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 5-ші қаңтарына дейін шектеу шаралары күшейтіледі. Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша нақты уақыт аралығында ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады. Сонымен қатар білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, төмендегі шешімдер қабылданған:

– оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70% дәстүрлі форматта, 30% қашықтан) қарастырылсын;
– оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылсын;
– II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталсын. Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.
Премьер-министр әкімдердің назарын қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пункттерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне аударды. Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды. Яғни, алдағы мереке күндері мониторлық топ күшейтілген жұмыс режіміне көшіп, қоғамдық тамақтану орындарын қадағалайды. Егер қандай да бір карантин талаптары бұзылу жағдайы тіркелсе, ол орындардың мереке мен демалыс күндері жұмысын тоқтату мәселелері қаралады.
С.МАДИЯРОВА